Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мигранттардың құқықтарын қорғау жөнінде муткорт өтті

Қазақстанда мигранттардың құқықтарын қорғау жөнінде муткорт өтті

Қазақстан бойынша іріктелген 16 авдокат арасында еңбекші-мигранттардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың және балалардың құқығы тақырыбында муткорт өтті. Муткорт - бұл істі мемлекеттік немесе халықаралық сотта қарауды модельдейтін құқықтық конкурс.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2021 жылғы қаңтар-ақпан айларында, көші-қон жөніндегі халықаралық ұйыммен бірлескен жұмыс нәтижесінде 133 мың мигрант өз еліне оралды, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарып жіберу туралы 969 сот шешімі шыққан.
"Қазақстанда пандемия кезінде 3 мыңнан астам шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл дегеніміз карантин уақытында елдегі мигранттардың өмірі қиындағанын көрсетеді. Жобаның мақсаты – адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктеріне қол жеткізу және заңгерлер арасындағы ынтымақтастықты арттыру", - дейді Құқықтық саясатты зерттеу орталығының координаторы Мадина Беркали.
Муткорт қорытындысы бойынша Лейла Рамазанова (Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты) мен Жанар Сүндетқалиева (Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты) жеңіске жетті. Адвокаттар тарапынан мемлекеттік тілде де муткорт өткізу ұсынылды. Бұл өңірлерден келген адвокаттардың халықаралық құқық нормалары туралы хабардарлығын арттыру үшін қажет. Себебі мигранттар үлкен қалаларға қарағанда аймақтарда жиі кездеседі дейді құқық қорғаушылар.
Жобаны Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен «Қазақстандағы мигранттардың құқықтарын құқықтық қорғауды күшейту» жобасы аясында Халықаралық заңгерлер комиссиясы (ICJ) және Халықаралық заңгерлер комиссиясы – Еуропа институттарымен (ICJ-EI) бірлесіп Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) ұйымдастырды.
20 мамыр 2021 ж. 507 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930