Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХҚО: Мүгедектерге арналған кресло-арбаларға қалай тапсырыс беруге болады?

ХҚО: Мүгедектерге арналған кресло-арбаларға қалай тапсырыс беруге болады?

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен #oqy&toqy айдарында тапсырыс беру жолы оқырмандар назарына ұсынылады.
ХҚО арқылы:
– ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;
– Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;
– Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз.

Мобильді топты шақырту арқылы:
– «1414» бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді.

Сізге қажетті құжаттар:
– Жеке басыңыздың куәлігі;
– Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);
– Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;
-Мүгедектігі жайлы куәлік;
-Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;
-Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.

Қызмет көрсету уақыты:
– Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде.

Қызмет нәтижесі:
– Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз.

Айта кетейік, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.


19 қазан 2020 ж. 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31