Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасқыр туралы қызықты деректер

Қасқыр туралы қызықты деректер

Kyzylorda-news.kz. Қасқыр ешбір қақтығыстан қайтпайтын, не жеңіп не өліп тынатын жыртқыш аң. Ол еркіндікті жақсы көреді.Сондықтан ешқашан қолға үйренбейді. Жалпы, айта берсек қызықты деректер көп. Солардың бірқатарын оқырман назарына ұсынамыз.
1. Қасқыр ешқашанда екі рет жұп құрмайды.
2. Терісін тірідей сойып іреп алсаң да  «қыңқ» деп, қыңсылап дыбыс шығармайды.
3. Құртқасы өмірінде бірақ рет бөлтіріктейді.
4. Күшік кезінен асырасаң да  ешқашанда құйрығын бұлғаңдатып еркелемейді.
5. Иттің иесі болғанымен бөрінің Тəңірі бар.
6. Қасқырды тек иттің сырттаны ғана алады. Басқалары қасқырдың иісін сезсе, көрсе жанын қоярға жер таппай қыңсылап, дірілдеп үйге қашып кіреді.
7. Жазда тауға, қыста жазыққа ұмтылады.
8. Бөлтіріктесе жанындағы елді мекендердің малына шаппайды.
9. Қазақ қасқырдың атын атамаған құтырып кетеді деп. Ит-құс деп атаған.
10. Қасқырдың терісінен жасалған ішікті жас жігіттерге кигізбеген белсіздіке ұшырайды деп.
11. Қасқырдың ішігін жамылып бораннан өзі аман қалса, қасындағы серігі өлсе, толық құн  немесе жарты құн төлеген өйткені қандай боран болса да, қасқырдың  ішігін жамылған адамды суық боран ала алмайды.
12. Қасқырдың терісінің үстіне бөстек қылып 1-2 сағат отырсаңыз
күні бойы денеңіз қызып жүреді.
13. Аяқ киімге терісінен ұлтарақ жасап салсаңыз табаныңызадан еш уақытта суық өтейді.
14. Қазақ бөріні киелі деп пір тұтқан
15. Қазақ халқы сонау көне заманнан байрағына,  жалауына көк бөрінің бейнесін бейнелеген.
16. Қасқырдың жүрегімен баланы ауыздандырса ол бала қасқырдай алғыр əрі тегін болмайды.
17. Қасқырдың тісін,тырнағын адам баласы бойтұмар қылып тағып жүрсе тіл-көз басқа нəрселер ала – алмайды.
18. Түсінде көк бөрі көрген жүкті  əйелдер, текті ұл туады.
19. Қасқырдың саңғырығы яғни нəжісі жатқан жерге бұралқы иттер т.б. жоламайды
20. Қасқырдың ұрғашысы ешқашанда кеудесінде жаны барда қолға түспеуге тырысқан жараланғанда, оқ тигенде өзінің бөлтірік туар жерін қауып жұлмалап тастаған.
21. Қасқыр сырттан туатын итті немесе қасқыр алатын күшікті аңдып жүріп өлтіруге тырысады, оларда осындай сезімталдық бар.
22. Қасқыр ешуақытта иттің күшігін бауырына баспайды. Ал ит қасқырдың күшігін бауырына баса береді.
Қазақ Тектілері əр түрлі жағдайларға байланысты кейбір азаматтардың нағашысының қолында болып кейін өз жұртына келсе ит емген, сүт емген деп атаған. Яғни, екі киелі əруақты емген деп атаған.
23. Қасқырдың қолына иттің ұрғашысы түссе не өлтіріп тастайды, не бəрі жабылып зорлайды.
24. Ит қасқырдан туатын болса, қасқыр алатын төбет туады.
25. Қасқырдың асығы мен иттің асығы бір-біріне ұқсамайды.
26. Ұйлыққан қасқырға қазақ баласы аңға шықпаған яғни атпаған. Себебі қасқыр өршеленіп кетеді. Жазатайым атып қалса, екеуін де атып алуға тырысқан. Өйткені біреуі аман қалса, сол күннен бастап сол ауылдың малына, жанына шабуыл жасаған. Атқан аңшының малынан бөлек бала-шағасын қырып кетуге тырысқан.
27. Қасқырдың терісін илеп, қайнаған суға бірнеше рет салсаңыз да, өзіне тəн иісі ешқашан да жоғалмайды.
28. Өмірінде қасқыр аулап алған, атып алған адамды иен далада немесе таулы орманда,  жазық жерде болсын қай жерде болса да қасқыр көзінен таса қылмаған, оны өмір бой аңдып өтеді.
29. Қасқырды қазақ халқы ешқашанда азаптап өлтірмеген, киесінен қорыққан, құрметтеген. Егер де азаптап өлтірсе жаманшылыққа ұшыраған немесе ұрпағына зиян келген.
30. Қасқырдай айлакер,  ұйымшыл, ақылды жыртқыш өмірде жоқ.
31. Қасқыр қыста боранды күндері 100 шақырымнан астам жортады.
32. Аңшылар қасқыр аулауға шыққанда, мылтығының ұңғысының аузын жауып қоятын болған. Өйткені неше шақырымнан болса да мылтықтың иісін сезіп қояды.
33. Қазақ халқы бөлтірігін өлтіруге обалсынып апанның алдында бөлтіріктерінің тілерсегін қиып кеткен. Ондай бөлтіріктерін қасқырлар басқа жаққа алып кеткен,
қайта малға шаба алмаған яғни, жарымжан болып шойнаңдап қалған.
34. Қасқырдың тісі тиген, қасқыр талаған мал «қайта қатарға қосылмайды» деп сойып тастаған.
25 сәуір 2020 ж. 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (9265)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031