Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде бір реттік 50 мың теңге беріле бастады

Елімізде бір реттік 50 мың теңге беріле бастады


Елімізде әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға «Біргеміз» қорынан 50 мың теңге бір реттік төлем беріле бастады деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, осыған дейін қорға жиналған 7 жарым миллиард теңгеден асатын соманы «Біз біргеміз» науқанының аясында 50 мың отбасына үлестірген. Шара алдағы уақытта жалғасын тауып, бірінші кезеңде 150 мың отбасына жәрдемақы үлестірілу көзделіп отырғаны белгілі болды.
«Егер қазір 7 миллиард 600 миллионды тарататын болсақ, қазігі уақытта біздің қорымызға 10 миллиардтай ақша келіп түсті. Ол 10 миллиардты біз бірінші толқынды бітіргеннен кейін, екінші толқынға тағы да кеңеске шығарамыз. Ол жерде қалалардың немесе халықтың тізімі қайтадан нақтыланып, қайтадан кеңеспен бекітіледі», – деп түсіндірді «Біргеміз» қорының төрағасы Руслан Сакеев.
11 сәуір 2020 ж. 392 0