Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: Мемлекет қиын кезде банктерге көмектесті – енді банктер халықты қолдауы керек

Тоқаев: Мемлекет қиын кезде банктерге көмектесті – енді банктер халықты қолдауы керек

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктерді азаматтық жауапкершілікке шақырды.
«Қазір кәсіпкерлердің көбі ТЖ уақытында несиеге пайыз қоспауды сұрайды. Бұлай болса банктердің өзі де шығынға батады. Банктер де – біздің экономиканың ажырамас бір бөлігі. Сол себепті мен тағы да екінші деңгейлі банктерді конструктивизмге, азаматтық жауапкершілікке шақырамын. Банктер қиын жағдайға тап болғанда мемлекет оларға айтарлықтай көмек көрсетті. Ал қазір сіздерден халыққа және отандық бизнеске қолдау керек болып тұр», – деді Мемлекет басшысы халыққа жасаған мәлімдемесінде.
Қасым-Жомарт Тоқаев қажет болған жағдайда мемлекет қосымша директивті шараларды қабылдайтынын жеткізді.
«Егер жағдай ары қарай ушықса, Үкімет мен қаржылық реттеушілер аталмыш мәселені шешу шараларын қабылдайды», – деді Президент.


31 наурыз 2020 ж. 782 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930