Халық ұғымындағы түс жору
Түс көру адамның еркінен тыс болатын дүние. Оны әркім әрқалай жориды. Сіздердің назарларыңызға бір ізге түскен нұсқасын el.kz сайты ұсыныпты.
Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
*****
Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.
*****
Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.
*****
Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.
*****
Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.
*****
Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.
*****
Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.
*****
Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.
*****
Түсте жылау-өңдегі қуаныш.
*****
Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.
*****
Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.
*****
Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.
*****
Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.
*****
Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.
*****
Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.
*****
Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.
*****
Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.
*****
Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.
*****
Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.
*****
Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.
*****
Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.
*****
Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.
*****
Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.
*****
Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
*****
Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.
*****
Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
*****
Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.
*****
Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.
*****
Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.
*****
Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.
*****
Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.
*****
Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.
*****
Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.
*****
Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.
*****
Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.
*****
Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.
*****
Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.
*****
Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.
*****
Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.
*****
Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.
*****
Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.
*****
Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.
*****
Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.
*****
Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.
*****
Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.
*****
Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.
*****
Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.
*****
Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.
*****
Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.
*****
Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.
*****
Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.
*****
Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.
*****
Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.
*****
Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.