Қате қиылған неке: біз неге басқа жұпты таңдаймыз?
Біздерге жан жақты жарасымды қатынаста барлығы да жеп жеңіл болуы керек сияқты болып көрінеді. Жұбайлар бірін бірі емеурінен танып түсінісіп, талғамдары мен көзқарастары бір біріне сай келуі керек деп есептейміз. Махаббат туралы бұндай романтикалық көзқарастың апарар жері – айырылысу. Тағы да қандай қателесулер қатынастың үзілуіне әкеліп соқтыруы мүмкін, некенің бақытты болуы үшін ең мәні үлкен не нәрсе болып табылады? Осы туралы философ Ален де Боттон әңгімелейді.
Қателесіп некелесу – біздің басымызға тууы мүмкін ең қорқынышты оқиға. Біз оған ұрынбау ұшін бар күшімізді саламыз. Десек те біздер әртүрлі себептермен оған ұрынуға мәжбүр боламыз
Біреумен жақындасарда мені түсінбей қалуы мүмкін — ау деген қорқынышты күдік – сол себептердің бірі. Біздер тек сырымызды онша жақсы білмейтіндер үшін ғана жөнді адам болып көрінетініміз рас. Біздің қоғамнан гөрі өзін саналырақ санайтын, данарақ қоғамда алғашқы кездесудегі әдеттегі сауал – «Сен қаншалықты дәрежеде ауышсың (психсың) ?» — деген сөз болуы керек. Мүмкін сіз ашулануға бейім, өз пікіріңізбен келіспеген адамға Везувий жанартауындай лақ етіп атылып, тып типыл етуге дайын тұратын жасырын дүлей мінездің иесі шығарсыз. Әлде сіз төсек қатынасында қысылғыш, немесе өзіңізді біреу қорлаған жағдайда үндемей қалуыңыз қиынға түсетін адам шығарсыз. Ешкімнің де төрт құыласы түгел болып тұрмайды.Барлық мәселе біздің үйленбей тұрып өзіміздің кемшіліктеріміз бен олқы жақтарымызды зерттеп, зерделей алмауымызда. Өзіміздің кемшіліктеріміз ашылған сайын біздер жұбымызды кінәлаймыз да, онан соң кемшіліктер туралы да, жұбымыз туралы да, ешнәрсе болмағандай, оп оңай ұмытып кете береміз.
Ал, достарымыз ше, деп сұрарсыз сіз, егер бірнәрсе олай болмаған жағдайда олар айтады ғой. Олар біздің сауатымызды көтеріп, жұбымызды қала берді өзімізді өзіміз тануымыз үшін, өз көзімізді өзімізге ашып беру сияқты ауыр жұмысты атқаруға міндетті емес. Көп жағдайда олар ренжітіп алудан қорқып, шындықты айтпайды.
Бұл жағынан алып қарағанда біздің жұптарымыздың да бізден асып тұрғаны шамалы. Олардың бойында да өздері жасырып жүрген, немесе өздері де біле бермейтін кемшіліктері жетіп артылады. Алғаш танысқанымызда біздер бір біріміз туралы білуге талпынамыз, қандай адам, немен өмір сүреді, деген сияқты жайларды ұғуға талпынуымыз заңды. Ата-анасымен танысамыз, отбасылық альбомдағы суреттерді көреміз, олардың университеттерде бірге оқыйтын достарымен араласамыз. Осы әрекеттердің барлығы мектептегі үйге берілген тапсырманы оындауды еске салады. Бірақ олай емес.
Шын мәнінде біз түк те біле алмаймыз, немесе тіпті аз білеміз. Сондықтан да некеге тұру, екі әріптес те қолдағы бар мүмкіндіктарін тәуекел етіп бәске тігетін құмар ойыншыға ұқсап кетеді де, барлығы жақсы болатындығына сенді. Солай жасай отырып, өздерінің кім екендіктерін, әріптестерінің қандай адам екендіктерін, олар кім бола алар еді деген сауалдардың жауабын екеуі де білмейді.
НЕКЕЛЕСУ НЕҒҰРЛЫМ ТЕЗ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛСА, ӘРІПТЕСТЕР ӨЗДЕРІН СОҒҰРЛЫМ ҚАУІПСІЗ СЕЗІНЕДІ. ОЙЛАНБАСТАН ЖӘНЕ АСЫҒЫС НЕКЕЛЕСУ БҮКІЛ ҚАТЕЛІКТЕРДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН АҚТАП ШЫҒУҒА ЖОЛ АШАДЫ
Бұрынғы кезде адамдар әртүрлі себептермен үйленген; екі үйдін жер бөліктері қатар орналасқан, ұл әкесі отбасының гүлденген бизнесі, ата-бабадан келе жатқан салтанатты сарайы бар, қыз әкесі – қалалық соттың судьясы, жастардың ата-аналары Қасиетті кітапты түсінуде ниеттес, деген с сияқты. Бұндай некелерде бірге жүріп жалғыздықты сезіну, көзге шөп салу, зорлық-зомбылық, жабық тұрған есік сыртынан айқай меен боздап жылаған дауыстардың естіліп жатуы заңды болатын. Бүгін біздер махаббатқа сйеніп үйленеиіз. Некедегі басты нәрсе – екеуі де жан түкпірінде осы қадамдарының дұрыс жасалғандығына сенімді.Екеуінің арасын теңдесі жоқ құштарлық байланыстырып тұр.Некелесу неғұрлым тез жүзеге асырылса, өріптестер өздерін соғұрлым қауіпсіз сезінеді. Ойланбастан және асығыс некелесу бүкіл қателіктерді психологиялық жағынан ақтап алуға жол ашады.
Біз өзімізді бақыт іздеушілерміз деп есептесек те, бұл жай ғана мәселе емес. Біздің шын мәнінде іздеп жүргеніміз – біздің бақытты болу туралы жоспарымызға игі өзгеріс енгізе алатын басқа бір адаммен байланыс.
Біз ересек жастағы қатынасымызға өзімізге бала күннен етене жақын таныс сезімді қайтарып әкелуге тырысуымызбен тағы да қателікке ұрынамыз. Біз бала күнгі махаббатымызды деструктивті эмоциялармен, бұрмаламай, тіке жеткізетінбіз. Ата-анамызды қызғану. Біздерді жалғыз қалдырып кеткендегі қорқыныш пен көз жасы. Ашуланып тұрған ереесек адамға көмектесуге тырысу. Ата-ана қолдауының жетіспеуі. Өз ашуыңнан өзіңнің қорқуың.
Осының барлығы жиналып келіп, біздің кейбір жар болуға үміткерлерден, олардың жаман болғандығынан емес, олардың әсіре турашыл, мінездері әсіре салмақты, есейген, адамды түсінуге талпынып түсіне алатын, кез келген істе сенімді болғандығы үшін, бас тартуымызға итермелейді. Бұндай адамдар біздің жүрегімізді лүп еткізе алмайды. Біздер бұлармен тағдырымызды байланыстыра алмаймыз, себеебі біздің ұғымымызда «сүйікті болу» «бақытты болу» деген ұғыммен ұштаса бермейді.
Біздің қателік жіберуіміздің тағы бір себебі – жалғыздық . Жалғыз өмір сүру жалықтырып жіберген жан жар таңдауда дұрыс шешім қабылдай алуы қиын. Жар таңдауда жаңылмас үшін жалғыздық жүктейтін қиындықтың бар ауыртпалығын арқалауға дайын болардай мойынсұну керек. Олай жасамаған жағдайда біз алғашқы кездескен адамның мойынына асыла кетіп, өзімізді бақытсыз некеге кіріптар етуіміз мүмкін.
Әдетте біз тұрақтылық пен жайлылықтың жанға жылу сыйлайтын сезіміне орану үшін үйленеміз. Неке біздің алғашқы күндердееен алған әсерлерімізді ұзарта түсердей көрінеді. Сол әсерлердің мерзімін тұрақты, үзілмейтін ету үшін некеге тұрамыз. Бірақ алғашқы кездесу мен некелік байланыстың арасында екеуін біріктіретін байланыс жоқ екендігін ұға алмаймыз. Шын мәнінде қалай болады? Неке, немесе үйлену бізді жауапкершіліктердің барлығы араласып, шатасып кеткен жаңа биіктікке көтереді; құштарлықты буындырып өлтіретін ипотекалық несие, күнделікті қарбалас және балаларға қамқорлық сыяқты қашып құтыла
алмастай қамалға қамайды. Бұл жердегі жалғыз, мәні аса жоғары (ингредиент) қоспа – сіздің қосағыңыз. Бүкіл шөлмектегі құнды сусынның бір қоспаның дұрыс болмауы салдарынан іске аспай қалуы да мүмкін ғой.
Бұдан шығар жол бар ма? Жақсы жаңалық: егер біз өзіміз іздеген адамымызды жолықтыра алмағандығымызды мойындай алсақ, жоғарыда айтылған бар мәселе мәнін жояды. Бірақ сіздің талабыңызға сай келіп, барлық тілектеріңіз бен қажеттіліктеріңізді мүлтіксіз орындауға дайын тұратын басқа адам, басқа жерден табылады деген үмітті малданып ажырасуға болмайды.
Бізге романтикалық көзқарастан ажырап мыфна мәселелерді мойындауымыз керек: барлық адамдарда ашу болады, олар бізді ренжітіп, тіпті өздерінен үміт үздіріп жіберуі мүмкін. Біздің әрқайсымыз соларға ұқсап, жаман ойымыз болмаса да олардың істегеніндей әбестікке жол беруіміз мүмкін. Кемшіліксіз пенде жоқ. Бірақ осы айтқанымыз ажырасуға негіз бола алмайды. Өмірлік серік таңдағанда,жұбымызбен жан жақты жарасымды сәйкестік бере алатын некеге барар жолда, біз онымен бірге тататын бір пұт тұзымыздың дәмі қандай болатынын болжай алмаймыз.
КӨҢІЛДЕГІДЕЙ ӘРІПТЕС ДЕГЕНІМІЗ, БАРЛЫҚ ТАЛҒАМЫ МЕН ТАЛАБЫ СІЗДІКІМЕН БІРДЕЙ БОЛЫП КЕЛЕТІН ЕМЕС, СІЗБЕН ПІКІРЛЕСЕ ОТЫРЫП КЕЛІСІМГЕ КЕЛЕ АЛАТЫН ӘРІПТЕС
Осылай деп қорытындылайтын «пессимизм» философиясы көптеген реніштерден қорғап, «мүмкін бұл маған лайық адам емес шығар?» деген күдіктеен құтқарады. Мінсіз адам іздеп әуре болмай, онша жаман емес адам іздеуге тырысыңыз.Бұлай істеу ағаттық болып көрінуі де мүмкін, бірақ осы «пессимизм» біздің романтикалық мәдениетіміз некеге артатын ауыр салмақтан құтқаратын бірден бір жол. Егер некедегі әріптесіміз бізді
жалғыздықтан құтқара алмаса, бұл оған қарсы қойылатын кінәрат емес және байланысты үзуге желеу де бола алмайды.
Көңілдегідей әріптес дегеніміз, барлық талғамы мен талабы сіздікімен бірдей болып келетін емес (өмірде ондайлар болмайды), сізбен пікірлесе отырып келісімге келе алатын әріптес. Жар таңдағанда, ертегілерде ғана кездесетін ешбір кемшіліксіз, бірінің жетпейтін жағын біреуі толтырып тұратын, қыялдағы елесті емес, осындай адамды іздеу керек. Кез келген келіспеушілікті тез, әрі дау- дамайсыз шеше алу қабілеті тек қана «онша жаман емес адамның» қолынан келеді. Сыйысымдылық – бұл сідердің өзара қатынастағы қол жеткізген биігіңіз, қорытындыңыз. Сыйысымдылық қатынас басталар кезде болмады деп, оны іздеу орынсыз.
Біздер үшін романтизм философиясы өте тиімсіз.Бұл ашушаң әрі қатыгез философия. Осы философия үшін некедегі көп мәселе бізге естен тандырарлық және тұрпайы болып көрінеді. Сол үшін де біздер барлығы кинодағыдай жанға жайлы бола алмады деп, біздің некедегі одағымыз, өзінің кем кетігімен және кедір бұдырымен –қателік болып шықты, оны үзуіміз керек деп шешеміз.
Одан гөрі, бойындағы бар кемшіліктерімен, «ол адам емес», «дұрыс адам емес», сіз ұнататын рок музыкаға емес, поп музыканы сүйетін адаммен бірге тұруға алдын ала әзірленгеніміз дұрыс болып шықпай ма? Олай жасағанда сіз бүкіл проблемаларға қарапайым көзқараспен – түсіністікпен, юмормен қарай алар едіңіз. Сонда сізді «некем ойдағыдай болмады-ау» деген ой мазаламайтын болады.