Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Асық атудан ел чемпиондары анықталды

Асық атудан ел чемпиондары анықталды

BAQ.KZ. Ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес Тараз қаласында өтті.

Ерлер арасындағы елішілік басты бәсекеге Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, ШҚО, Түркістан, Павлодар облыстары мен Тараз, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларының командалары қатысты.

Сондай-ақ, қыздар арасындағы «Бес асық» бәсекесінде Жамбыл, ШҚО, Түркістан, Қостанай, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының командалары бақ сынады.

"Биылғы жылы ерлер арасында V рет ұйымдастырылған елішілік чемпионатта Нұр-Сұлтан қаласы 1-орынды жеңіп алды. Естеріңізде болса, осы жылы елордалық команда «Асық атудан» өткен Қазақстан чемпионатында қатарынан үшінші мәрте топ жарды. Аталған жарыста Түркістан облысы 2-орынды, Шымкент қаласы 3-орынды иеленді. Ал, қыздар арасында ІІІ мәрте ұйымдастырылған «Бес асық» чемпионатында да елордалықтар бас жүлдеге қол жеткізді. Қостанай облысының командасы 2-орынды, Түркістан облысының командасы 3-орынды қанағат тұтты" - деп хабарлады ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.

Ерлер арасында «Асық атудан» V рет өткен ҚР чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

1 орын – Жұмағұлов Әділхан, Қайыпбеков Мырзамұрат, Молжігітов Нұрқанат – Нұр-Сұлтан қаласы командасының мүшелері.

2 орын – Айтқұлов Амандос, Қарабаев Алмас, Мұса Биболсын – Түркістан облысы командасының мүшелері.

3 орын – Молжігітов Нұржігіт, Молжігітов Нұрқисса, Көшенов Алиайдар – Шымкент қаласы командасының мүшелері




Әйелдер арасында «Бес асықтан» ІІІ рет өткен ҚР чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

1 орын – Ходжаниязова Анаргүл, Серікова Айжан, Худайбердиева Ұлжалғас – Нұр-Сұлтан қаласы командасының мүшелері.

2 орын – Серкебаева Назерке, Алиева Мариям, Сұлтанова Жанар – Қостанай облысы командасының мүшелері.

3 орын – Тортбаева Арай, Мұса Нурила, Набиғалиқызы Айткүл – Түркістан облысы командасының мүшелері.

28 қазан 2019 ж. 950 0