Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап не өзгереді?

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап не өзгереді?


Келесі айдан бастап мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі. Ал мұғалімдердің жалақысы 30 процентке артады
 Күздің бірінші айында бірқатар нормативті актілер мен ережелер өзгереді. Мәселен, кредит бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алуда маңызды бір өзгеріс бар. Қыркүйекте болатын өзгерістер туралы толығырақ Sputnik Қазақстан шолуынан оқыңыз

Мемлекеттік сатып алуларға өзгеріс енгізілді

1 қыркүйектен бастап мемлекеттік сатып алулар туралы ережеге кірген өзгерістер күшіне енеді. Атап айтқанда, тапсырыс берушілер үшін жаңа қосымшалар қолданысқа шығады. Онда потенциалды тауар жеткізуші компанияларға қойылатын біліктілік талаптары көрсетілген. Сол бойынша конкурстық құжаттар да жиналады.
Бұдан бөлек, тапсырыс берушілер мен потенциалды жеткізушілер үшін жаңа техникалық сипаттамалар енгізіледі. Талаптарды толтырудың нақты формасы да бар. Ал субмердігерлер өз мәліметтерін электронды-цифрлық қолтаңбамен рәсімдеуге міндетті.
Сондай-ақ, құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алулар жасалғанда тапсырыс берушілер жобалық-сметалық құжаттардан бөлек, ведомстводан тыс кешенді сараптама берген оң шешімнің электронды көшірмесін қоса ұсынуы шарт.

Баланы мектепке 6 жастан беру міндетті ме?

"Білім туралы" заңға сәйкес, алты жасқа келген балалар 1 қыркүйектен бастап жалпы білім беретін мектепке баруы тиіс. Білім министрінің өткен жылғы бұйрығына сәйкес, оқу жылының соңына дейін 6 жасқа толатын балаларды да мектепке қабылдауға рұқсат берілген. Алайда бала 1 қыркүйекке дейін осы жасқа келмесе, ата-анасы оны мектепке бере ме, жоқ па, өзі шешеді.


01 қыркүйек 2019 ж. 798 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930