Латын әліпбиінің тарихы көне қазақтардан тамыр тартады немесе тарихымыз 50 мың жылдан басталады
Көзі қарақты, ойлы оқырманға белгілі бір жәйт бар. Байқап отырсаңыз соңғы жылдары қазақ қоғамында, қазақ ұлтының санасында орасан зор рухани сілкініс, серпіліс орын алды. Өткенімізді екшеп, болашағымызды бағдарлау мақсатында қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың өзі бұрынғыдай тек экономикалық-материалдық қажеттіліктерге бағытталмай, ұлттың ұйытқысы болып саналатын, тіл-дін-діл атты рухани құндылықтарға бұрысып жатыр.
Тұңғыш президенттің «Мәңгілік Ел» идеясы мен «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындаған тапсырмалар мен ұсынымдарды қуаттап, қолдап, іске асыру бағытында құрылған институттар қазақ қоғамына, қазақ халқына бұған дейін сырын бүгіп, біз үшін беймәлім болып келген тың дүниелерді кеңінен ұсынуда.
Тарихымызды, шыққан тегімізді, тамырымызды тарқатар танымдық-зерттемелік материалдар жарыққа шықты.
Мәңгілік елдікті мақсат тұтып, осынау идеяны мемлекеттілігімздің, тәуелсіздігіміздің темірқазығы етіп бекіту үшін бүгінгі басталған бұл жұмыстардың, ұсынымдық идеялардың болашақ үшін маңызы шындығында зор.
Осы орайда, Мәңгілік ел идеясы қайдан шықты? Оның маңызы және мәні неде? Бұл идея қазақ үшін қаншалықты құнды? Неге идея төркіні «Мәңгілік ел» ұғымымен ұштасты?-деген сұрақтарға ойланбаған жан кемде-кем.
Біз бұл мақаламыз арқылы аталған идеяның саяси-философиялық мәні мен маңызынаа емес, аталған ұғымның түп-төркінін, оның басқы-тұқиянын яғни, тарихына үңілуді мақсат тұттық. Бұрын соңды осынау ұғымды ұрандап өткен, осынау идеяны ұлықтап, мемлекеттік ұстанымға айналдырған халық, ел, ұлт пен ұлыс болды ма? Болса олар кімдер? Бүгінгі ұрпақтары сол сабақтастықты қаншалықты жалғап келеді. Әлде осынау идеяның алтын арқауы үзілді ме? Бәлкім қазақ қоғамы әлемде жоқ осынау ойдың алғашқы иегері шығар. Немесе тарих тепірешіне шыдамай жоғалып кеткен әлдебір халықтың ауыз-екі әңгімесінен, аңызынан алып, пайдаланып отырған жоқпыз ба?
Түркі халқының түп тамырын зерттеп, мүмкіндігінше шетел ғалымдарының еңбектерін пайдаланып, оқып, салыстырып отырамыз. Сондағы байқағанымыз Мәңгілік елдіктің тарихи тіптен әріде және тап осы қазақ халқының түпкі тамырында жатыр екен.
Елбасы Қазақ елінің Елордасы Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші атриумына VI-VIII ғасырлардағы тарихи оқиғалардан сыр шертетін Көк Түркілер қағанатының қас батыры, бас қолбасшысы, Түркі императорының туған інісі Күлтегін ескерткішінің нақты көшірмесін әкеліп орнатты. Ескерткіш 712-736 жылдар аралығында жазылған деп жорамалдануда. Түсіне білгенге Тәуелсіз Қазақстан Республикасы осынау игі ісі арқылы, өзінің түп тамырын, 1465 жылдан емес, оданда әріден тарқататындығын меңзеп отыр.
Күлтегін кім еді?-деген сұраққа жауап берместен бұрын қысқаша трихи оқиғалар тізбегін назарларыңызға ұсына кетуді жөн санадық.
552-603 жылдар аралығында түркі тайпаларының басын біріктіріп, орасан зор аймаққа билік жүргізген Ежелгі Түркі қағанаты құрылғанын білеміз. Бұл империя Солтүстік-Шығыс Қытай, Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан және Батыс Түркістан, Орталық Азия, Қазақстан және Солтүстік Кавказ аймақтарына иелік еткен. Қытайлар бұл аймаққа билік жүргізген түркілерді ғұндардың ұрпақтары деп біліпті. Ал, ғұндар Түркі қанаты өмірге келерден азғана уақыт бұрын сол замандағы әлемдегі ең үлкен Батыс Рим империясын құлатып тынғандығын білеміз. Тарихта ғұндар династиясы 600 жылдай үстемдік құрыпты. Осы ғұндардың Шөже деген патшасы б.з.д 49 жылдары бүгінгі Тараз қаласының орнынан өзіне бекіністі қала салып, сол жерде Рим легионынан әскер алдырып, қытаймен қиян кескі ұрыс жүргізгенін білеміз. Яғни, біздің жыл санауымзға дейінгі 209 жылдары билік басына келген бұл тайпа біздің заманымыздың 474 жылдарға дейін саясат сахнасынан түспеді. Ғұндардың орнын ізінше 552 жылдары Ежелгі Түрік қағанаты басты. Астанасы Шу өзенінің бойында болған Суяб қаласы. Аталған қағанат, Персия, Византия, Үнді, Қытай елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, кейбірінен тіптен алым-салық алып отырған. 604 жылдары саясат сахнасынан ысырылып, ішкі алауыздықтардан ыдырап тынған Ежелгі түркі қағанаты осыдан кейін 50 жылдан астам уақыт ес жия алмай тек, 682 жылдары ғана Екінші Түрік қағанатын құрып, 744 жылдарға дейін қайтадан әлемге азуын білеп, «ақ білектің күші ақ найзаның ұшымен»-қағанатты қалпына келтірді. Екінші Түркі қағанатының іргесін кеңейтіп, бұрынғы айырылған иеліктерді қайтарған қайраткердің бірі жоғарыда біз сөз еткен Күлтегін батыр болатын. Елтеріс-Құтылық, Қапаған, Білге қағандар, Күлтегін батыр мен Төныкөк секілді мемлекет қайраткерлері Байкал көлінің жағасын мекен етіп, оңтүстік Сібірдегі Тоғу қаласын астаналық иелігі еткен қырғыздардан бастап, мұқым Моңғолия,Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан жерлеріне шашырай қоныстанған түркі тайпаларының басын бір шаңырақтың астына біріктіріп, елді ұйыстырып, ортақ қағанат құрады. 744 жылдары аты аталған қайраткерлер өмірден кетіп, билікке өзара талас басталғанда Ұйғыр-Қырғыз-Қытайдың біріккен әскері бұл қағанатты құрған құранды тайпаларға соққы беріп, ыдыратып тынады.
Осынау Екінші түркі қағанаты кезінде үлкен қойтастарға сына жазулар жазылып, елдің тарихы тасқа басылып қалады. Бұл жазулар тарихта түркі-руна жазуы деген атпен танымал. Соның бірі бүгінгі Еуразия университетінде тұрған Күлтегін ескерткіші.
Мінекей, осы ескерткіш жазуларда Мәңгілік ел идеясы көтерілген.
Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігі жазылған.
Түркі қағанатын құрған құранды тайпалар бүгінгі қазақ халқының құрамындағы үш жүздің рулары екендігі белгілі. Олай болса, Мәңгілік ел идеясының түпкі төркіні де өзіміздің ежелгі ата-бабаларымыздың мақсат мұратынан туындап отыр деп толық сеніммен айта аламыз.
Әлқисса, Мәңгілік ел идеясы Екінші Түркі қағанатынан да бұрын пайда болған деген тұжырым екендігіне сенеміз. Бұған себеп, Бірінші Түрік қағанатын құрушы көне қазақтар өздерін Тәңірдің жер бетіндегі өкілі деп біліпті. Олардың мемлекеті бүкіл көк аспанның астындағы аумақты қамту керек екен. Бұл түсінікті түркі-сына жазуда Білге қаған тереңдете отырып: «Үстімізде көк аспан астымызда қара жер жаратылғанда, екеуінің ортасында адам баласы жаратылды. Ал адам баласының үстіне аталарым Бумын мен Естеми билік құрды.»-деп мақтанышпен баяндайды. Олай болса, бұл идея түркі халқына Тоныкөктен де бұрын белгілі болып тұр ғой.
Енді, осы тұжырымның айналасынан сөз қозғасақ.
Ежелгі түркі-рунасының сырын 1893 жылы қарашаның 25 күні Дания корольдік ғылым академиясында дат ғалымы Вильгельм Томсен ашқанын түркі тарихынан аз-кем хабары бар жандар жетік біледі.
Бұған дейін бұл жазулардың сыры ғылымда құпиясын ішіне бүгіп жатқандықтан аталған жазуларды еуропалықтар руна жазуы яғни, «құпия жазу»-деп білді. Руна деген сөз ежелгі скандинавия халықтарының тілінде құпия деген ұғымды білдіреді.
Түркі халқының тұтас бір 32 әріпке негізделген әліппесі мен жазылған тарихы анықталған кезеңде евроцентристік көзқарасқа шалдыққан ғалымдардың төбесінен жай түскендей болды. Өзіндік ерекшелікке ие жазуы бар халық, мәңгілік халық емес пе?
Бұл шындықты мойындағысы келмеген ғылыми орта «біздің заманымыздан бұрынғы 8 ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған қысқа жазулар»-деп бір-ақ кесті. Сонымен, Түркі, Ғұн, Сақ кезеңдеріндегі яғни, тұтас бір мың жылдықтың яғни, біздің заманымызға дейінгі 8 ғасыр мен біздің жыл санауымыздың VIII ғасыры аралығындағы түркі халықтарының жазуын Үндістаннан келген әліпбиге апарып тіреп қойды. Сөйтіп, көнеқазақ жазба тарихына, рухани-мәдени өміріне қылышпен емес қасақана қаламмен қиянат жасалды.
Дегенмен «Аққа құдай жақ»-деген тәмсіл қашанда ақиқатынан жаңылмаған. Осынау әлем әліпбилерінің тарихын шола отырып, біз уйкепедиядан мынадай тың мәліметке жолықтық. Оны аудармай қаз қалпында ұсынамыз.
- Наряду с брахми является древнейшей письменностью Индии. Было в ходу с 5 в. до н.э. по 5 в. Первый известный письменный памятник – шахбазгархская наскальная надпись царя Ашоки (ок. 251 до н.э.) Известны также легенды на индобактрийских и индоскифских монетах (3 в. до н.э. – 1 в.). Большая часть текстов написана справа на лево, хотя в самых поздних документов встречается и правосторонне направление строк. Высказываются предположения, что к кхароштхи могут восходить т.н. иссыкские «руны».
Бұл Жетісу өңіріндегі әйгілі Есік қорғанынан Алтын адамның жанынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар тостаған табылғаннан кейінгі жасалған тұжырым еді.
Түркі-ғұн-сақ жазуы үнді-иран, финикиялық көне әліпбилердің нұсқасында пайда болған деген тұжырым ғылымда әліде болса пайдаланылады.
Мәңгілік ел идеясымен әліпбилер тарихының қатысы қанша? Неліктен түркі-руна жазуын өзіміздің төл әліпбиіміз екендігін дәлелдеуге тырысып жатырмыз. Енді осыған тоқталсақ.
Атлантида құрлығы туралы аңызбен көпшілік бұрыннан таныс.
Ежелгі грек ойшылы Платонның диалогынан бастап пайда болған Атлантида туралы аңыз бүгінгі таңға дейін талай-талай әфсаналарға арқау болды. Атлантиданы тіптен сол ежелгі антик дәуірінде-ақ, гректің ғұлама, ойшыл, тарихшылары Гередот, Страбон,Диодор,Проколдар өз еңбектеріне арқау етпей өтпеген. Бір-ақ, екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген бұлардың ешбірі Атлантиданың нақты орнын, қайда болғанын атап, жазып бере алмапты. Тек Платонның еңбегінде 9000 мың жыл бұрын құрлықтың жер сілкінісі салдарынан су түбіне шөгіп кеткендігі туралы қысқаша мәлімет келтірілген. Атлантиданы не үшін қозғадық. Осынау құрлықпен тағдырлас, бір-ақ, ол жөнінде нақты тасқа қашалған деректері бар, Атлантидан бұрын өмір сүріп, жойылып кеткен тарихи-археологиялық деректерге негізделген ерте адмзат өркениеті туралы тың мәліметке кезікті ғылыми сала.
Америкалық полковник Джеймс Черчвардтың «Адамзаттың ата қонысы ежелгі Му құрлығы» атты еңбегі бар. Джеймс Черчвард Бирма, Аризона, Оңтүстік теңіз, Альяска, Австралия мен Мексикада болып, зерттеулер жасаған. Ол 1851 жылдың 27 ақпанында Ұлыбританияның Окхемптон қаласында дүниеге келіп, 1936 жылдың 4 қаңтарында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында өмірден өткен.
Ғалым өзінің еңбегінде Америкалық үндістердің мая тайпасы мен ежелгі түркі-ұйғыр халықтарының тарихына ден қойып, геология мен ежелгі дін, грек әріптерінің символикалық ұғымдарының сырын ашып, мифологиялық, лингивистикалық,археологиялық түрлі зерттеу тәсілдерін қолдана отырып, адамзат тарихына, қалыптасқан өркениеттерге жаңаша тұжырымдар жасайды.
Біздің жыл санауымызға дейінгі 50 мың жыл бұрынғы өркениет туралы жазады. 34 мың жыл бұрынғы патшалардың атын-затын, олар туралы деректер келтіреді. Ең қызығы зерттемелік кітапта негізгі басшылыққа алатын бағыт көне түркілер яғни, көне қазақтардың өркениеті мен мәдениеті қазіргі барша еуразия құрлығындағы халықтардың жасаған тарихи кезеңінен де әрі екендігі дәлелденеді.
Оңтүстік америка жерінен табылған ежелгі үндістердің яғни, мая, инк тайпаларынан қалды деп есептелетін тас жазуларды, сонымен қатар, үндістан, тибет, бирма, тынық мұхит аумағындағы шағын арал мемлекеттерден табылған сына жазуларды жинақтап, бас аяғы 5 мыңға жуық сына-тастарды тауып, зерттейді.
Әуелгіде Черчвардқа бұл тас тақталардағы құпия жазулар сырын аша қоймайды.
Черчвард құпия жазулардың сырын қалай ашты? Сонау мұқым Оңтүстік және Солтүстік Америкадан, Үнді-Қытайдан, Тынық мұхит аумағындағы аралдардан яғни, айналасы мыңдаған шақырымдық атырапта шашырап жатқан аумақтан табылған сына тастардың сырын қалай ашты? Жазуыларды қалай оқыды? –деген сұрақ туатыны заңды.
Дж. Черчвард Тибетке келіп, одан осы аумақта өмір сүріп жүрген көшпелі сары ұйғырлар тайпасына келіп, оларда сақталған ескі түркі жазуын және оқылу, дыбысталу заңдылығын үйренгенге ұқсайды. Сары ұйғырлар бүгінде жойылу қауіпінде тұрған ұлт. Саны 4 600 адам. Отырықшы ұйғырлармен шатастыруға болмайды.
Тағы бір ескере кетерлік жәйт бар. Дж, Черчвард европа ғылым орталықтарындағы әріптестеріне жоғарыда аталған аумақтан табылған сына жазулар құпиясын өзі және тағыда екі адамның ғана білетіндігін баса көрсеткен.
Ендігі сұрақ - бұл екі адам кім? Енді осы орайда, біздің топшалауымызға тоқталасақ.
Дания ғалымы Вильгельм Томсен түркі-руна жазуын ашқан күні дәл осы кезде академик В.В. Радловта түркі-сына жазуының 15-ке жуық сөзін анықтап алып еді деген дерекке кезігеміз. Сонда бір мезетте даниялық, америкалық және ресейлік ғалымдар құпия жазу сырын ашқан болып отыр ғой. Неткен сәйкестік еді???
Біз өз тұжырымымызды әрі қарай сабақтай түссек.
Дж. Черчвард өз еңбегінде нақты тас-тақталар мен жазулардың суреттерін көрсете отырып, дәлелді-деректер арқылы тарихи оқиғаларды баяндай түседі.
Онда «Накальские таблички записаны символами и знаками нагов — как утверждает легенда, они были созданы в Прародине и перенесены в Бирму, а затем (более 15 тысяч лет назад) — в Индию.
Где были созданы «мексиканские таблички», остается загадкой. Отчасти они записаны Северными, или уйгурскими, символами и знаками. Однако основной письменностью обеих серий табличек является сакральный алфавит Прародины-Му. Я не могу сказать, были ли они созданы в Мексике или в Прародине (после чего были перевезены в Мексику), однако содержание некоторых табличек показывает, что им уже более 12 тысяч лет»-деп бір тоқтайды. Әрі қарай тағыда келесі мәліметтерді береді. Юкатан, Мексика, Чили, Перу аймағындағы үндістердің сонымен қатар, көне тибет, үнді, қытай, грек, мысыр, испан жазбалары мен оңтүстік тынық мұхит аралдарындағы жабайы тайпалардың аңыз әңгімелерін жинай отырып, 34 мың жыл бұрынғы құрлықты «Күй» деп аталғанын біледі. Құрлықтағы 64 миллион халықтың 10 тайпасын басқарған мемлекеттің атауы «Мәңгілік ұлы ел» деп аталған. Олар өздерін күннен туған ұрпақпыз деп көкке табыныпты. Содан кейін 20 мың жыл өмір сүрген бұл халық б.з.д 15 мыңыншы жылы суға кеткендігін сына тастардағы жазбалар арқылы дәлелдейді. «Күй» атты үлкен құрлық 64 миллион халқымен суға кетуден 2 жыл бұрын құрлықтан қашқан бекзадалар мен байлар, басқарушы бектер арнайы әзірленген кемелер мен бүгінгі Қазақстан жеріне келіп тұрақтағанын қосымша баяндайды. Содан кейінгі осыдан 15 мың жыл бұрынғы жаңа тарих Қазақстан жерінде басталған-деп тұжырымдайды.
Қосымша аңыздарды, тас-жазбаларды алдыға тарта отырып, 34 мың жыл бұрынғы патшаның есімі Ахау болған дейді. Яғни, кешегі қазақтар өлең айтқанда Ахау патшаны есімін бір қозғамай кеткеніде бекер болмаса керек.
Ойлап тұрсам дүние жалған екен,
Он сегіз мың ғаламды алған екен-ай.
Ей,ахау, арман,
Бәрімізден қалады-ау дүние жалған-ай-дейді. Ия, дүние жалған. Ахау арман. 64 миллион халыққа патша болған Ахаудың елінде дүние жалған етіп кете барды.
«Греческий крест был центральным элементом орнамента Царского Щита Му — Империи Солнца. Этот иероглиф представляет собой целое выражение на праязыке Му. Он читается: У-луумил — в переводе это означает: «земля», «страна» или, более полно, «Империя», «Царство». С. Круг, в который помещен предыдущий знак, олицетворяет солнце, так что этот составной иероглиф означает «Империя Солнца». Если добавить к ним форму щита, получим: «Му, Империя Солнца» -52 бет-деген тоқтамға келеді. Осы сөз тіркестеріндегі «У-луумил»-дегеніміз кәдімгі қарапайым қазақ тілінжегі Ұлы ел-деген ұғымды айна қатесіз қайталап тұрған жоқ па? Оның үстіне, Көк Тәңірін жаратушы санап келген түркі баласы бүгінгі таңға дейін өзін «Күннен туған гүннен туған ер түріктің ұлдары»-деп бекер жырламағанын енді ұққан болармыз.
Сонымен қатар, ғалым келесі тұжырымды да батыл ұсынады. Назар салыңыз;
- В 403 году до нашей эры греческие грамматики привели афинский алфавит в тот вид, который знаком всем нам. Современный греческий алфавит составлен из майянских лексем и образует эпическое повествование, рассказывающее о гибели Му.-байқадыңыз ба?
Мұқым латын әліпбиінің түп тамырын америкалық мая тайпасының алып барып тірейді. Ал, - «Где были созданы «мексиканские таблички», остается загадкой. Отчасти они записаны Северными, или уйгурскими, символами и знаками»-деп, айнала отырып, түркі халқына қайтып келіп тіреледі.Сөйтіп,
-Уйгурская империя1 была главной колонией Му. В китайских легендах говорится о том, что уйгуры достигли вершин своей цивилизации около 17000 лет назад.
Могущество Уйгурской империи простиралось от Тихого океана через всю Центральную Азию вплоть до Западной Европы, далеко за Каспийское море. Это было еще до того, как Британские острова отделились от европейского континента.
Южная граница Уйгурской империи совпадала с северными границами Кохинхины, Бирмы, Индии и Персии —и было это еще до того, как поднялись Гималаи и другие азиатские горы. Империя включала в себя Сибирь – дейді.
Сөзімізді осы жерден түйіндесек. Му яғни, Күй құрлығын топан су басқанда оның тұрғындары кемемен Қазақстан жеріне келіп тұрақтаған. Билеуші тайпасының таңбасы грек әліпбесіндегі крест. Крест таңбасы қазақтың Орта және Кіші жүздерге жататын руларда бар. Біздің төрелердің таңбасындағы У әріпі тектес таңбамыз ежелгі Күй құрлығындағы елдің Ұлы-Бірігу ұғымын білдіреді екен. Келтіре берсек бұданда басқа бізге жақын деректер көп-ақ. Тек, 34 мың жыл бұрынғы тас тақтадан табылған сына жазудағы «У-луумил»-деген сөзді «Улу –ум -ил»-дегені бәлкім Ұлы-Мәңгілік-Ел яғни, Мәңгілік Ел-деп атаған шығар деген тұжырымға келдік. Олай болса, біздің ұлттық идеямыз 30 мың жылдықтан әріден тамыр тартады.
Нұрболат Сәдуақасұлы