Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШҚО-да жасы 80-нен асса да, мотоцикл жүргізетін әжей жұртты таңғалдырды

ШҚО-да жасы 80-нен асса да, мотоцикл жүргізетін әжей жұртты таңғалдырды

Шығыс Қазақстан облысындағы Мәдиниет ауылында жасы 80-нен асса да, мотоциклді шебер жүргізетін әжей көпшілікті таңғалдыруда. Бүгінде отыз шақты немересі мен оннан аса шөбересі бар Жәниқа әже не себепті көлік жүргізуді әлі қоя алмай жүргенін айтып берді деп жазады "Дидар" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Фото: didar-gazeti.kz
Рассказать ВконтактеРассказать в FacebookРасказать в Twitter

Үстіне ұлттық ою-өрнектермен безендірілген камзол киіп алып, тіркемесі бар мотоциклді тізгіндейтін әжейге ауылдастары таңғалып қарамайтын болған.
Жергілікті тұрғындар үшін Жәниқа әженің 80 жастан асса да, көлік жүргізетіні үйреншікті жағдай болып кеткен.
Токарь және қойма меңгерушісі қызметтерін атқарған әжей бала кезінен техникаға қызығушылық танытқан екен.
Кішкентайынан велосипедтен түспейтін Жәниқа апаға мотоцикл тізгіндеу аса қиын болмаған сыңайлы.
Қарт кісі кезінде ауыл шетіндегі машина-трактор жөндеу шеберханасындағы жұмысына да "ИЖ" маркалы мотоциклмен қатынағанын айтады.
Бүгінде он баласы, отыз шақты немересі мен оннан аса шөбересі бар әжей көліктің дәл осы түрін тізгіндеуге не түрткі болғанын да жасырмай айтты.
"Ақсақалым қой өсіруші жастардың тәлімгері болғандықтан, ауыл сыртында тұрдық. Әлі де сол жерде тұрып жатырмыз. Бір өкініштісі, бұл жерде ауыз су жоқ. Сол ауыз су тасымал болғандықтан, осы мотоциклді сатып алдық.Мына жарты шақырым болатын ауыл орталығынан су тасу оңай емес. Одан қалса, осы көлігіме ақсақалымды салып алып, ауызашарға, той-томалаққа алып барамын. Бұл жерде төрт үй болғанбыз, қазір біз ғана қалдық" , - дейді Жәниқа әже.
02 маусым 2019 ж. 687 0