Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбекке бейім болсаң, қатарыңнан кейін болмайсың (Бейнерепортаж)

Еңбекке бейім болсаң, қатарыңнан кейін болмайсың (Бейнерепортаж)


Құстардың адамзат тіршілігінде алар маңызы зор. Елімізде қазіргі таңда ауыл шаруашылығының бұл түріне ерекше ден қойған. Қазақстанда алғаш Қостанай, Ақмола, Павлодар, Алматы облысы құс өсірумен айналыса бастаса, кейін еліміздің барлық аймағы да аталған кәсіпті дамытуды қолға алған. Шиелі ауданы бойынша құс өсіру бағытының дамуы бүгінде көңіл қуантады. Үлгі боларлық істер де жоқ емес.

Шиелі ауданына қарасты Бестам елді мекенінің тұрғыны Набат Айдарханқызы биылғы жылдың басынан құс шаруашылығын қолға алған. Ол қазіргі таңда құстың үш түрін өсіріп отыр. Олардың қатарында қазақы тауық, үндік және қаз бар. Аз уақыт ішінде өз ісін дөңгелетіп әкеткен шаруаның айтуынша құстың жалпы саны 100-ге жеткен. Алдағы уақытта жұмыртқасын, етін сатып, кәсібінің нәсібін тапқысы келеді.
Құстардың арасындағы үндік пен қаздың дауысы ерекше. Олар қанатын қомдап, сайрай бастағанда бейнебір әуен қосылғандай әсер қалдырады. Бұл адамның жұмысқа деген қабілетін арттырып, шабытын шалқытады.
Шағын кәсіп иесі алдағы уақытта құстың басқа да түрлерін өсіріп, еліміздегі құс шаруашылығының жоғары деңгейге көтерілуіне өз үлесін қоссам дейді. Сонымен қатар өз ісінің майталманы болу үшін тынбай еңбектену керектігін де тілге тиек етті. Тауық еті мен жұмыртқа өндіруді көздеген Н.Бекмырзаева құс өнімін әлі сатылымға шығармаған.
– Кәсіпкерлікке көп қолдау болып жатқан соң неге жеке іс бастамасқа деген ой келді. Содан қажетті құжаттарын дайындап, қайтарымсыз грантқа ие болдым. Мемлекет тарапынан келген көмекті мейлінше тиімді пайдаланып, ойымда жүрген істі жүзеге асырдым. Бұрын құс шаруашылығына қызығатынмын. Тәуекелге бел байлап Оңтүстік Қазақстан облысы, Қарабұлақ ауданынан 30 үндік, 20 тауық әкелдім. Кейін қазбен толықтырдым. Олар бүгінде тек табиғи жолмен көбеюде. Алдағы уақытта арнайы аппаратпен құстың санын арттырып, ата кәсіп қылу ойымда бар, – дейді Набат апа.
Құс шаруашылығының басты талабы – ешқандай ауру түрі болмау. Сондықтан тазалыққа жіті назар аударған жөн. Медицина мамандарының айтуынша шаруашылықтың негізгі өнімі, яғни құс еті мен жұмыртқасы адам организміне тез сіңетін диеталық тағам болып есептеледі. Оны, әсіресе, науқас адамдар мен балаларға жиі қолданады. Одан бөлек құс мамығын киім-кешек пен көрпе-жастық өндірісінде, ал саңғырығын топырақ құнарын жоғарылату мақсатында тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Иә, құс шаруашылығы күнделікті өмірде тұтынатын өнімнің едәуір бөлігін құрап отырғаны жасырын емес. Көл-көсір пайда келтіретін кәсіптің артында ауыз толтырып айтар еңбек жатқаны да бар. «Еңбекке бейім болсаң, қатарыңнан кейін болмайсың» дегенді өзіндік ұранына айналдырған кейіпкеріміздің бастап отырған ісіне табыс тілейміз.

Фариза
КЕНЖЕШОВА
16 шілде 2019 ж. 4 488 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 42

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031