
Дзюдошы Ғалия Тынбаева Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Венгрияның Пакс қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды. 48 келі салмаққа дейінгі кубок финалында Ғалия отандасы Ақмарал Науатбектен басым түсті. Осылайша Қазақстан жастар құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін турнирдің...










