Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақниет Жантілеуова Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды

Ақниет Жантілеуова Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды



Бүгін «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін өткізеді.

Елорда командасы Новосібір қаласында жергілікті «Сібірмен» айдынға шығады, деп хабарлайды «Хабар 24». Ойын Астана уақытымен кешкі 18:30-да басталады.
Қазақстандық фристайлшы Ақниет Жантілеуова шаңғы акробатикасынан Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды. Құрлық кубогының төртінші кезеңі Мәскеудегі Воробьев тауында өтті. Қазақстан жастар құрамасы ауа райының қолайсыздығына қарамастан сәтті өнер көрсетті. Еліміздің атынан бұл сайысқа бес спортшы қатысып, 14 жастағы Ақниет Жантілеуова үздік үштіктен орын алды. Ол бұл медалін Қазақстандағы жастар жылының ашылуына тарту етті. Еуропа кубогының келесі кезеңі Минскіде 15-17 ақпан аралығында өтеді.

Ақниет Жантілеуова, фристайл акробатикадан Еуропа кубогының қола жүлдегері:
- Мен 14 жастамын, фристайл спортына 3 жыл қатысып жүрмін. Бұл жерде қатты ұнайды. Мен Еуропа кубогы жарыстарында бірінші рет орын алдым.

Руслан Аблятифов, фристайлдан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы:
- Биыл Қазақстанда жастар жылы. Сондықтан Мәскеудегі Еуропа кубогының кезеңіне жастар құрамасының спортшыларын әкелдік. Келесі жарыстарда олар бұдан да жақсы өнер көрсетеді деген үміттеміз. Еуропа кубогының барлық кезеңдеріне қатысып шығу жоспарда бар.

Қазақстандық жаттықтырушы ауыл спортын дамытуға білек сыбана кірісті

Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Серік Боранбаев ауыл спортын дамытуға білек сыбана кірісті. Ол өзінің туған жері Сабынды ауылынан бокс секциясын ашып, балаларды кәсіпқой спортқа баули бастады. Бұған қоса, ол «Туған жер» бағдарламасы аясында елді мекен шетінен спорттық нысан салып, ауылдан бастау алған спорттық мансабы жайында кітап шығармақ. Енді осындай игі шараны басқа да әріптестері іліп әкетсе деген тілегі бар.

Серік Боранбаев, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:
- Басқа жаттықтырушыларға айтам: қалаға баса бермей, ауылға келіңдер. Ауыл адамдарымен сөйлесіп, сол ақшаны ауылда да табуға болады. Мына жерде нағыз чемпионды тәрбиелейсіңдер. Мен де солай жұмысты бастадым. Осы баларды өсірем.

Жапония құрамасы Азия кубогының финалына шықты

Күншығыс елінің футболшылары жартылай финалда Иранды 3:0 есебімен жеңді. Юя Осако екі мәрте мергендік танытқан матчта Генки Харагути де көзге түсті. Бүгін жартылай финалдың екінші жұбында Катар мен Біріккен Араб Әмірліктері құрамасы кездеседі. Азия кубогы бірінші ақпанда аяқталады.

Допинг дауы Қытайға жетті

Жүзуден олимпиаданың үш дүркін чемпионы Сунь Ян допинг қолданған деген күдікке ілінді. Бұл туралы британиялық басылымдар жазып жатыр. Қытай спортшысы сынама алуға келген мамандарға қарсы шығып, допингке қарсы тексерістен бас тартқан. Тіпті Сунь Янның жеке күзетшісі қан құйылған ыдысты шағып тастапты. Бұл оқиға 2018 жылдың төртінші қыркүйегінде болыпты. Халықаралық жүзу спорты федерациясы әзірге ешқандай мәлімет берген жоқ.

24.kz
30 қаңтар 2019 ж. 558 0