Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қысқы Универсиада: Ту ұстап шығатын спортшылардың есімі белгілі болды

Қысқы Универсиада: Ту ұстап шығатын спортшылардың есімі белгілі болды

XXXII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың (Турин, Италия) ашылу салтанатында ту ұстап шығатын қазақстандық спортшылардың есімдері анықталды.
Қазақстан құрамасы атынан мемлекеттік туды алып шығу мәртебесі фристайлшы Аяулым Әмренова мен хоккейші Абылайхан Сүлейменовке жүктелді.

Аяулым Әмренова – фристайл бойынша ұлттық құраманың үздік спортшыларының бірі. Оның қоржынында 2017 жылғы Еуропа кубогы кезеңдерінің алтын, күміс және қола медальдары бар. Сондай-ақ ол Қазақстан атынан 2018 жылы Пхенчханда және 2022 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.

Абылайхан Сүлейменов – «Номад» хоккей командасының ойыншысы. Ол спорттық мансабында жастар лигасы, төрт ұлттық турнир, Қазақстан кубогы, Континенталь кубогы, АҚШ-та өткен ХХХІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада секілді жарыстарға қатысқан. АҚШ-та өткен Универсиадада Қазақстанның хоккей құрамасы 3-орынды иеленген еді.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы қысқы Универсиада 13-23 қаңтар аралығында Туринде (Италия) өтеді. Сайысқа 57 елден шамамен 2000 спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 96 медаль жиынтығын сарапқа салады.
08 қаңтар 2025 ж. 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031