Қысқы Универсиада: Қазақстандық спортшылар 10 спорт түрінен бақ сынайды
Қысқы Универсиада 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында өтеді, деп хабарлады turkystan.kz сайты.
Қысқы Универсиадада еліміздің атынан 103 спортшы қатысады. Қазақстандық спортшылар 10 спорт түрінен сайысқа түседі.
Олардың қатарында биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғы спорты, ерлер мен әйелдер хоккейі бар. Сондай-ақ пара шаңғы бойынша бәсеке алғаш рет жарыс бағдарламасына енгізілген.
Биатлон
Ерлер: Вадим Куралес, Владислав Киреев, Кирилл Бауэр, Ержанат Қуандық, Никита Акимов.
Әйелдер: Арина Крюкова, Айша Ракишева, Милана Генева, Полина Егорова, Алина Скрипкина.
Шорт-трек
Ерлер: Санжар Жанисов, Әлішер Абулкатимов, Дамир Курманов, Айбек Темірхан, Дінмұхамедалдияр Тәжібай, Валерий Клименко.
Әйелдер: Алина Ажгалиева, Яна Хан, Зейнеп Кумархан, Полина Омельчук, Анастасия Галечина, Малика Ермек.
Шаңғы жарысы
Ерлер: Святослав Матасов, Ернұр Бексұлтан, Әмірғали Мұратбеков, Ілияс Исабек, Нартай Тұрлыбекұлы, Сұлтан Базарбеков.
Әйелдер: Анастасия Ротова, Лаура Киныбаева, Мария Геращенко, Елизавета Толмачева, Әсем Жұмағазиева, Алеся Бочкарева.
Мәнерлеп сырғанау
Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Никита Кривошеев, Софья Самоделкина.
Спорттық бағдарлау
Ерлер: Давид Сиволапов, Иван Биткин, Александр Фирсов, Никита Иост, Илья Таганашкин.
Әйелдер: Ангелина Кузьмина, Евгения Завьялова, Карина Боранбаева, Анжелика Гарифова, Валерия Чупина.
Фристайл
Анастасия Городко, Аяулым Амренова, Антон Бондарев, Федор Бугаков, Максим Емельянов, Семен Русаков.
Тау шаңғысы Александра Скороходова, Ксения Бережная.
Хоккей
Ерлер командасы: 24 спортшы, олардың қатарында Иван Гавриленко, Джелал-Ад-Дина Амирбеков, Абылайхан Сүлейменов.
Әйелдер командасы: 22 спортшы, олардың қатарында Альмира Ибрагимова, Карина Амирова, Регина Салтысова.
Пара шаңғы жарысы
Денис Зинов, Роман Курбанов.
Айта кетейік, 2025 жылғы Қысқы Универсиадаға 57 елден шамамен 2 000 студент-спортшы қатысады. 11 спорт түрі бойынша 96 медаль сарапқа салынады.