Астанада алғаш рет пара үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді
«ITTF fa20 Astana para open 2024» халықаралық турниріне 19 елден 150-дей пара спортшы қатысады. Аталған байрақты бәсеке наурыз айының 1-3 күндері аралығында «add Table Tennis Center Astana» үстел теннисі орталығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үстел теннисінен Астана қаласының аға жаттықтырушысы Геннадий Геррасименконың айтуынша, ITTF Fa20 Astana para open 2024 – халықаралық рейтингте орын алуға, сондай-ақ халықаралық классификациясы жоқ спортшылар үшін халықаралық классификация алуға тамаша мүмкіндік.
«Мысалы, арбадағы спортшыларға 1-5 класс, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшыларға 6-10 класс, интеллектуалды мүмкіндіктері шектеулі спортшыларға 11 класс беріледі (оның ішінде басқа санаттарға бөлінеді). Бұл турнирге біздің спортшылар алты ай бойы дайындалды. Күнделікті жаттығуға 3 сағат бөлеміз, сонымен қатар жалпы дене шынықтыруға ерекше назар аударамыз. Жаттығу кезінде әр спортшыға жеке ойын әдісі мен техникасы жасалады. Елімізде халықаралық жарыстар өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Спортшыларымыз жақсы нәтижеге қол жеткізетініне сенімдімін», дейді ол.