Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шавқаттың жұлдызды кезеңі

Шавқаттың жұлдызды кезеңі


Отандық «Underdogkz» спорт агент­тігі елдің ең үздік аралас жекпе-жек шеберлерінің рейтингін жариялады. Үздіктер көшін Шавқат Рахмонов бастап тұр.

Барлығы 17 мәрте октагонға шығып, бірде-бір рет жеңілістің кермек дәмін тат­паған қандасымызды қандай да құрметке лайық деп есептейміз. Себебі «Номад» деген жанама есіммен танылған Рахмонов тек Қазақстанның ғана емес, UFC-дің де шоқжұлдызы. Бүгінгі таңда Жер-жаһан­ның жанкүйерлері оның әр қадамын жіті қадағалап отыр. Шавқат осы шабысынан жаңылмаса, аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйымның чемпиондық белбеуін иеленетіні сөзсіз. 

Шавқат Рахмоновтан бөлек, ТОП-10 файтерлер рейтингінде Артем Резников (24–6), Қайрат Ахметов (29–2), Сергей Морозов (19–5), Асу Алмабаев (17–2), Жалғас Жұмағұлов (14–8), Азат Мақсұм (16–0), Дәурен Ермеков (18–5), Бекзат Алмахан (15–1) және Сәбит Жүсіпов (15–3) бар. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

12 сәуір 2023 ж. 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930