Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті



Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2022 турнирінде жеңіске жеткеннен кейін жүлденің бір бөлігін қазақстандық жасөспірімдерді қолдауға және қайырымдылыққа жіберетініне уәде берді. Қазақстандық теннисші уәдесінде тұрды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы қазақстандық жас теннисшілерді қолдауға ақша бөлді. Кімді қолдау керектігін Рыбакина өзі таңдады. Осылайша 14 теннисшінің әрқайсысы 2,5 миллион теңгеден алды. Бақытты жандардың қатарында Линара Булешева, Полина Барабанова, Әмина Нұрмахан, Ариана Гогулина, Сәтима Төреген, Ева Корышева, Альбина Кәкенова, Аружан Арыстанбекова, Дана Байдәулет, Іңкәр Дүйсебай, Ая Нүпбай, Полина Слепцова, Сандуғаш Кенжебаева, Зара Дәркен болды.
Қазақстандық және халықаралық ареналарда жеңіске жетіп жүрген қыздардың әрқайсысы Еленаға хат жазып, теннистегі тарихын айтып берді.
«Менің ойымша, турнир ұйымдастыру немесе жас ойыншылар үшін гранттар тағайындау дұрыс болар еді, өйткені мен де бір кездері Қазақстанда үлкен қолдауға ие болдым. Енді жас ұрпақтың дамуына үлес қосатын менің кезегім келді», деген еді Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісінен кейін. 
26 наурызда әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өткен Әйелдер Мастерс турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді.
27 наурыз 2023 ж. 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30