Анталияда айқасады
31 наурыз бен 2 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Гранд Слэм турнирінің жалауы желбірейді.
Еліміздің ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов 14 шәкіртіне сенім артып отыр. Солардың арасынан Ғұсман Қырғызбаев (66 кило) пен Данияр Шамшаевты (73 кило) бөле-жара атап өтуге болады. Алғашқысы – әлем чемпионатының қола жүлдегері, екіншісі – Азия чемпионы. Екеуі де соңғы жылдары табысты өнер көрсетіп, аса ірі халықаралық жарыстарда жүлде алып жүр. Кезінде Азия ойындарында алтын тұғырға көтерілген Дидар Хамзаға да (90 кило) айрықша сенім артылады. Сәтсіздіктің шырмауынан шыға алмай жүрген қандасымыз, бәлкім, осы жолы олжаға кенелер. Сондай-ақ Анадолыда ел намысын Нұрқанат Серікбаев, Шерзод Давлатов (60 кило), Есет Қуанов (66 кило), Дархан Қойбағар (73 кило), Руслан Мұсаев, Абылайхан Жұбаназар (81 кило), Айдар Арапов (90 кило), Бекарыс Сәдуақас, Нұрлыхан Шархан (100 кило), Ғалымжан Қырықбай және Әділ Оразбаев (+ 100 кило) қорғайды.
Әйелдер сайысында Ғалия Тынбаева (48 кило), Бақыт Құсақбаева (57 кило), Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы (70 кило), Аруна Жангелдина (78 кило) және Кәмила Берліқаш (+78 кило) татамиге шығады.