Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ құрамасы жекпе-жек бойынша турнирде топ жарды

ІІМ құрамасы жекпе-жек бойынша турнирде топ жарды

ІІМ құрамасы жекпе-жек бойынша турнирде топ жардыЕлорда төрінде “ASPAN” спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогіне арналған жекпе-жек бойынша республикалық турнир өтті, деп хабарлады BAQ.KZ.

 Сайысқа еліміздің құқық қорғау мен арнайы органдарының, күштік құрылымдарының қызметкерлері қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі. Жарыста жеті құрама, яғни ІІМ, ҰҚК, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Қаржы мониторингі агенттігі, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің командаларынан 40-тан астам спортшы қатысты. Олар алты салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады.

 ІІМ-нің намысын қорғаған алты қызметкердің барлығы да финалдан көрініп, ведомствоның абыройын асқақтатты. 67 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қостанай облысы Полиция департаментінің Жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Аманбек Жаманқараев алтыннан алқа тақты. 
Негізі бұл жарыстың алдында біз іріктеуден өткенбіз 11-13 тамыз аралығында Атырауда. Сонда жеңімпаз атанып, кейін осы құраманы құрдық. Сайыс өте керемет. Мықты жігіттер қатысты. Барлығы жақсы дайындалған. Үш кездесу өткіздім. Оның бәрінде жеңіп, бірінші орынға ие болдым, – деді Аманбек. Сондай-ақ 80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ақтөбелік аға инспектор Айдын Төлепбаев ақтық сындағы қарсыласы – Мемлекеттік күзет қызметі өкілін – 51 секундта құлатып, техникалық нокаутпен жеңді.

Осы турнир бірінші рет ұйымдастырылып жатыр. Жарыс өте жоғары деңгейде болды. Жекпе-жектерімді айта кетсем, үш кездесу өткіздім. Қарсыластарым осал емес, бәрі мықты, – деді құраманың ең титулды спортшысы.
https://baq.kz​​​
28 тамыз 2022 ж. 755 0

Қоғам

АҚ ХАЛАТТАҒЫ МЕЙІРІМ
16 маусым 2026 ж. 62

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930