Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Эфиопиялық әріптестерімнен қорықтым». Тануи Нора Джеруто туралы не білеміз?

«Эфиопиялық әріптестерімнен қорықтым». Тануи Нора Джеруто туралы не білеміз?

«Эфиопиялық әріптестерімнен қорықтым». Тануи Нора Джеруто туралы не білеміз?Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің спорт тарихында жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында тұңғыш алтын медаль иеленген Тануи Нора Джеруто Қазақстанға қалай келді?

Дэйзи Джепкемей, Нора Джеруто және Каролин Кипкируи 2017 жылы отандық «Алтай Атлетикс» клубына қосылды. 2018 жылы ҚР азаматтығын алу ниетімен тиісті органдарға жүгініп, қойылған ережелер негізінде еліміздің азаматтығын алған. Бес жыл ішінде спортшылармен бірлескен жұмыс барысында орта және алыс қашықтыққа жүгіруде атлеттер арасында бәсекелестік артты. 20 жылдан бері сақталған рекордтар жаңарды.
Бүгінгі таңда спортышылар «Алтай Атлетикс» клубы ұсынған мүмкіндіктер мен инфрақұрылымның арқасында өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартып, әлемдік деңгейдегі атлеттер мәртебесіне дейін көтерілді.
Бұл атлеттер Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында тіркелген. Жаттығу жұмыстары әлемдік кәсіби спортшылар жаттығатын Кениядағы арнайы таулы базада өтеді. Аталған базада Жанна Мамажанова және ҰҚК өзге де спортышлары жаттығады.
Тануи Нора Джеруто 1995 жылы 2 қазанда Кениядағы Койбатек округінде фермерлер отбасында дүниеге келген. Спортшының бойы 160 см ал салмағы 44 келі. Әлі тұрмыс құрмаған.
Ол жеңіл атлетикадан ҚР ҰҚК қатарына 2022 жылы сәуір айында қабылданды. Оған дейін отандық «Алтай Атлетикс» клубында 2017 жылдан бастап жаттығып келеді.
Бүгін Орегонадағы жеңісінен кейін отандасымыз өз әсерімен бөлісті.
Старт алдында эфиопиялық әріптестерімнен қорыққан едім. Олардың әлеуетін білемін, олар да мен сияқты чемпиондар. Сондықтан олардан қорықтым. Жеңіске жету үшін барымды салдым. Бұл оңай болған жоқ. Алда жүгіріп отыруды ұйғардым, жағдайды қашықтан бақылауды ұнатамын. Өйткені медаль үшін күресе алатыныма сенімді болғым келді. Мен әкем мен анама, бапкеріме және бәсекелестеріме, сонымен қатар менеджерім мен әпкем Дэйзи алғыс айтуым керек. Ол бұл қашықтықта финалға өте алмады, бірақ мен оған келесі чемпион сол болатынын айтқым келеді, - деп келтіреді Worldathletics Джерутоның сөзін.
https://baq.kz​​​
21 шілде 2022 ж. 766 0