Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейжіңдегі Олимпиадаға 28 спортшы-динамошы кеткен

Бейжіңдегі Олимпиадаға 28 спортшы-динамошы кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүрлі брифинг барысында айтты. 

Өткен аптада ұлттық құрама 24-ші Қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін Бейжіңге ұшып кетті. Қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен 82 олимпиадалық лицензия жеңіп алған болатын. Оның ішінде биатлон, шорт-трек, конькимен жүгіру және тау шаңғысы спорты, фристайл-акробатика және тағы басқа спорт түрлері бар, - деді ол. 
Тәуелсіздік жылдары қазақстандық спортшылар жеңіп алған 72 олимпиадалық медальдың 60-ы «Динамо» қоғамының өкілдеріне тиесілі. Айта кету керек, ұлттық құрама командаларының 80%-дан астамын динамо спортшылары құрайды. Олар әртүрлі спорт түрлері бойынша өнер көрсетеді. 44 олимпиадалық спорт түрінің 36-сы «Динамода» дайындалады, - деді ол. 
Тоқсан мыңнан астам құқық қорғау органдарының қызметкері осы қоғамның мүшесі болып табылады. Олар 15 аумақтық филиалдағы 445 дене шынықтыру ұжымына біріктірілген. Қоғам сондай-ақ бұқаралық спортты, дене шынықтыру-спорт қозғалысын, жастарды тәрбиелеу бағытында қызмет атқаратын бірегей спорт ұйымы, - деді ол. 
Ораздың айтуынша, Ұлттық олимпиадалық команда құрамына 32 спортшы, оның ішінде 28 спортшы-динамошылар кіреді. Нұрділдә Ораз атағандай, «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы - құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру және арнайы даярлығына жәрдемдесетін елдегі ең көне спорт ұйымдарының бірі. Айта кетейік, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада 4 ақпанда басталады. 
31 қаңтар 2022 ж. 690 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031