Сұлтан Әсетұлы Азия чемпионатында топ жарды
Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті. Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы топ жарды деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК сілтеме жасап. Ересектер қатарына енді өтіп, былтырғы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен Сұлтан құрлықта да қарсылас шыдатқан жоқ. Финалда қазақстандық балуан ирандық Мейсам Далханиді мерзімінен бұрын жеңді. Алдымен ирандық спортшы үш ұпай алып үлгерген. Кейін Сұлтан тік тұрып әдіс жасап, есепте алға шықты. Ал белдесудің екінші жартысында қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, кездесуді уақытынан бұрын аяқтады. Бұл 20 жастағы Сұлтан Әсетұлының халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі жеңістерінің бірі. Бұған дейін Сұлтан Италиядағы рейтингілік турнирде күміс алған болатын.
24.kz
24.kz