Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада тоғызқұмалақтан ашық Азия кубогы өтеді

Қызылордада тоғызқұмалақтан ашық Азия кубогы өтеді

2-6 наурыз аралығында Қызылорда қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан ашық Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, дүбірлі бәсекеде Ауғанстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Моңғолия, Босния және Герцеговина мен Қазақстанның әр өңірінен келген тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасады. Жарыс классика бойынша 9 турда, 17 жасқа дейінгі жастар және одан жоғары жастағы ерлер мен əйелдер арасында 4 топта өткізіледі. Айта кетейік, ашық Азия кубогы Қазақстанда жəне Қызылорда облысында алғаш рет ұйымдастырылуда. Айтулы жарыс бұған дейін облыстық, республикалық жəне халықаралық деңгейде өткізілген. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімі 6 наурыз күні белгілі болады.

27 ақпан 2020 ж. 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930