Жаңа клубта Исламхан ең қымбат футболшылардың ТОП-10 қатарына кірді
Біріккен Араб Әмірліктерінің "Аль-Айн" клубымен келісімшартқа қол қойғаннан кейін Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан жергілікті турнирдің ең қымбат ТОП-10 ойыншысы қатарында болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Transfermarket.de мәліметінше, қазақстандық футболшының тарнсферлік құны үш миллион еуро. Өз клубында Исламхан БАЭ төлқұжаты бар бразилиялық форвард Кайо Канедодан ғана төмен - 4,8 миллион еуро.
Ал клубқа Исламханмен теңдей бағада келген ойыншылардан Того құрамасының шабуылшысы Коджо Фо-До Лаба және жапониялық қорғаушы Сиотани Цукасаны (2,5 миллион) атап өтуге болады.
БАӘ чемпионаты клубтарындағы трансферлік құны бойынша ТОП-10 ойыншы:
1. Игор Коронадо - "Шарджа" (Бразилия/Италия) - 6 миллион
2. Кайо Канедо Корреа - "Аль-Айн" (Бразилия/ОАЭ) - 4,8 миллион
3-6. Кено - "Аль-Джазира" (Бразилия), Поль-Жозе Мпоку - "Аль-Вахда" (Конго/Бельгия), Али Мабхут - "Аль-Джазира" (ОАЭ), Леонардо - "Шабаб Аль-Ахли" (Бразилия) - 4 миллион
7-8. Рикардо Гомес - "Аль-Наср" (Кабо-Верде/Португалия), Брэндли Кувас - "Аль-Наср" (Кюрасао/Нидерланды) - 3,5 миллион
9-10. Коджо Фо-До Лаба - "Аль-Айн" (Того), Кайо - "Шарджа" (Бразилия) - 3 миллион.