Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Серроне: Конор менің кім екенімді жақсы біледі

Серроне: Конор менің кім екенімді жақсы біледі

Америкалық Дональд Серроне UFC 246 алдындағы баспасөз мәслихатында ирландиялық Конор МакГрегормен болатын жекпе-жек жайлы ашылып сөз қозғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Конор керемет, мен оны қатты құрметтеймін. Біз тек төбелесеміз. Ол мені бағаламайды деп ойлаймын. Ол менің кім екенімді біледі. Ол қатысатын айқас қашан да жоғары сұранысқа ие. Бірақ бұл шынымен керемет жекпе-жек болады, сіз тіпті оны елестете де алмайсыз. Төрт-бес раундқа созылатын төбелесті күтемін. Бар ойым сенбідегі жекпе-жекте ғана. Мен оған дайынмын, Конор да дайын, сенімдімін. Ел есінен кетпестей әсер қалдырамыз.

Егер мен жеңіске жетсем, онда мен баламмен демалуға барамын. Содан кейін мен UFC президентіне қоңырау шалып, бұдан әрі не істейтінімізді ақылдасамын.

Шайқас - бұл менің өмірім. Біз жанкешті жауынгерлердің соңғы ұрпағымыз. Мен жекпе-жектен ләззат аламын. Өзіңе лайықты нәрсеге қол жеткізу қуантады. Конормен төбелес көп ақша әкеледі.

Адамдар маған ешқашан сенбеген еді. Үлкен шайқасқа қол жеткізе алмайтыныма сенімді болды. Енді көреміз, себебі, бұдан үлкен қандай жекпе-жек болсын», - деді Дональд.

Еске салайық, UFC 246 турнирі Қазақстан уақыты бойынша 19 қаңтарда таңертең өтеді.
17 қаңтар 2020 ж. 370 0