Вальверде «Барселонадан» қуылды. Клуб жаңа бас бапкерді таныстырды

Каталониялық клубтың баспасөз қызметі тараптар келісе отырып, келісімшарттың күшін жоюға шешім қабылдағанын жазды.
Вальверде «Барселона» тізгінін 2017 жылы мамырда ұстаған. Әрі 2019 жылы келісімшарт мерзімін тағы бір жыл ұзартқан еді. Бірақ команданың соңғы уақыттағы ойын мәнері клуб басшыларының сабырын сарқыған көрінеді. Әсіресе Испания Суперкубогында «Атлетикодан» жеңіліп қалуы (2:3), Вальверденің қызметінен қуылуына тікелей әсер етті.

Каталониялық клуб сонымен қатар жаңа бапкердің де есімін атады. «Барселона» бас бапкері қызметіне енді тағы бір испаниялық маман Кике Сетьен кіріседі. Бұл бапкермен келісімшарт 2022 жылдың жазына дейін жасалды. 61 жастағы маман бұған дейін «Бетис» командасын жаттықтырған болатын.