Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық "Барыс" ҚХЛ-дегі ең әлсіз топтан ұтылды

Қазақстандық "Барыс" ҚХЛ-дегі ең әлсіз топтан ұтылды

2020 жылдың алғашқы хоккей жарысында қазақстандық "Барыс" ҚХЛ-де ең әлсіз болып саналатын ригалық "Динамо" тобынан жеңілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Сайыс Ригада өткен болатын, мұз айдынының иелері қазақстандық топты 1:0 есебімен жеңді. Өздерінің командаларына жеңіс алып келген шайбаны Кирилл Слепец қақпаға соғыпты.  
Осы жеңістің нәтижесінде ригалық "Динамо", минсктің "Динамо" тобын 1 ұпайға басып озып, 31 жинап ең соңғы орыннан алдыға қарай жылжыпты. 
"Барыс" тобы 43 ойын ойнап, 55 ұпай иеленген. 6 қаңтар күні қазақстандық хоккейшілер омбылық "Авангард" тобымен сайысқа түседі. 
Құрлықтық хоккей лигасы немесе ҚХЛ 2008 жылы құрылған Гагарин кубогі біріншілігін өткізу үшін құрылған Еуразиядағы халықаралық ашық хоккейлік лига. 2009 жылдан бастап Еуропадағы ең мықты хоккей лигасы болып саналады.
05 қаңтар 2020 ж. 626 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31