Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Астана» клубының Atlantic Cup турниріндегі ойын күнтізбесі белгілі болды

«Астана» клубының Atlantic Cup турниріндегі ойын күнтізбесі белгілі болды

Елордалық «Астана» қатысатын 2020 жылдың ақпан айында Португалияда өтетін футболдан халықаралық «Atlantic Cup» жолдастық турниріндегі ойын күнтізбесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетсек, 31 қаңтар және 5 ақпан аралығында «Астана» А тобында сынға түседі. Қарсыластары Данияның «Брондбю» және «Копенгаген», Швецияның «Норрчепинг» командалары. Ал В тобында Данияның «Орхус», Швецияның «Хаккен» және Чехияның «Славия» клубтары шеберлік байқасады. «Астана» 1 ақпанда Данияның «Копенгаген» командасымен шеберлік байқасады. «Копенгаген» 1992 жылы құрылған. Бүгінге дейін өз елінің 13 мәрте чемпионы атанса, 6 мәрте күміс, 2 мәрте қола жүлдегер болды. Мұнан соң «Астана» 4 ақпанда Данияның тағы бір командасы «Брондбю» клубымен кездеседі. «Брондбю» 1964 жылдан бері өз елінде 10 мәрте жеңімпаз тұғырынан көрінген. Халықаралық турнир 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінге дейін тоғыз команда жеңімпаз атанып үлгерді. Олардың қатарында Данияның «Мидтьюлланн», «Копенгаген», «Орхус», Ресейдің «Зенит», «Динамо» (Мәскеу), Австрияның «Рапид Виен», «Ред Булл Зальцбург», Швецияның «Эльфсборг», Хорватияның «Риека» командалары алтыннан алқа тақты.

24.kz
30 желтоқсан 2019 ж. 531 0

Қоғам

ҚАРА ӨЛЕҢГЕ ҚҰМАР ЕЛЕНА
01 мамыр 2024 ж. 106

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031