Қызылорда облысының туристік әлеуеті артып келеді

«Бұл жерде агротуризм, этнографиялық, тарихи туризмді қозғаймыз. Ақпараттық қызметтер де көрсетіледі. Жергілікті тұрғындар атпен, түйемен, қайықпен де серуендетеді. Және көлдің ерекшелігі емдік қасиеті бар. Соған байланысты келетін адамдар, демалушылар жылдан жылға көбеюде. Болашақта ауылға газ келсе, қыстық туризмді дамытуға мүмкіндік болады», - дейді «Қамыстыбас» ауылшаруашылық өндірістік кооператив төрағасы Алдаберген Исаев.
«Логистика тиімді, қолайлы деп айтуға болады. «БЕ-БҚ» халықаралық көлік дәлізі үстімен өтіп жатыр. Әрбір жолаушының тынығып кетуіне қолайлы жағдайлар жасалып жатыр. 2015-2016 жылы Арал ауданы үстімен Сексеуіл-Жезқазған теміржолы өтті. Осы жол қатынасы да аудан экономикасына үлкен септігін тигізуде. Туристердің де келіп, қатынауына қолайлы жағдай болып тұр», - дейді Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев