Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция алматылық атқыштың әрекетін түсіндірді

Полиция алматылық атқыштың әрекетін түсіндірді

Алматы қаласы полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек алматылық атқыштың әрекетіне не себеп болуы мүмкін екенін айтты. 
"Болжам бойынша, әйелі балаларын алып біраз уақыт бұрын үйден кетіп қалған", - дейді Салтанат Әзірбек.  
Сонымен қатар, ПД өкілінің мәліметінше, атыс шығарған ер адам мен күзетшінің жанжалдасуына тұрмыстық жағдай себеп болуы мүмкін.
Алматыдағы атыс: ПД өкілдері зардап шеккендер туралы ақпарат берді 
Еске салайық, күндіз Бұқар жырау бульварындағы "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде ер адам (сол пәтерде тұруы мүмкін) мен күзетші арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам аңшы мылтығымен күзетшінің аяғынан атқан. Желіде оқиғаның видеосы жарияланған болатын. Артынша оқ атқан ер адам терезені сындырып, секіріп кетті.
24 сәуір 2021 ж. 830 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31