Дәрігерлер «өлді» деп санаған әйел өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті
Әл-дәрмені құрып, есінен танып қалады.
Индияның Карнатака штатында дәрігерлер "өлді" деп санаған әйел, өзінің жерлеу рәсімі орындалып жатқан сәтте тіріліп кетті. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
55 жастағы Малати Чаугули қатты ыстығы көтеріліп, Белгаум қаласындағы жекеменшік ауруханаға түседі. Сосын әл-дәрмені құрып, есінен танып қалады. Дәрігерлер науқасты реанимацияға жатқыза алмаған және бірнеше сағаттан кейін оның туыстарына "өлді" деген шешім шығарып берген.
Әйелдің туыстары медициналық қызмет көрсеткені үшін ауруханаға ақша төлеп, оның денесін жерлеу мақсатында әйелдің тұрғылықты мекенжайы Чаугилиге алып кетеді. Сол күні кешке әйелдің денесін үйдің алдына қояды. Оны жерлеу рәсіміне достары мен отбасы мүшелерінің барлығы жиналады. Жақындары әйелді жерлеуге дайындық жұмыстарына қамданып жатқанда Малати оянып кетіп, көзін ашып, кеудесін көтереді.
Сол жерде тұрған кісілердің бірі ол өлмеген, жай ғана комаға түсіп қалған деп болжады.
Басқалары оның “қайта тірілуін” ғажайып құбылыс деп ойлап, басқа түсініктерге балаудан бас тартты.