Сізді ақылды ететін әдеттер
1. Сұрақ қойыңыз. Сізге айтқан нәрсенің бәріне бірдей сеніп, келісе бермеңіз: сұраңыз, ғаламтордан іздеңіз.
2. Көп оқыңыз. Кітаптар, журналдар және сайттардағы лонгридтерді оқыңыз. Күнделікті кітап оқу кестесін сақтаңыз. Ғалымдар ақпарат жақсы меңгерілуі үшін таңертең оқуды ұсынады.
3. Ақылды адамдармен араласыңыз. Олардың сізден ақылдырақ болуы міндетті емес, бастысы оларда талқылауға болатын қызықты заттары болады. Зияткерлер өз миларын немен қоректендіретінін біледі, сондықтан олармен араласқан пайдалы. Олардың оқу стилін үйренесіз.
4. Ақыл-ойыңызды ғана емес, денеңізді де жаттықтырыңыз. Ақыл-парасатыңызды дамытуды ойлағанда дұрыс тамақтану мен жаттығулар туралы ұмытпаңыз. Ми мен дене әрқашан тығыз байланыста.
5. Жаңа идеялар ойлап табыңыз. Блокнотқа немесе арнайы сервистің аккаунтына ойыңызға келген идеяларды жазып немесе салып жүріңіз. Шығармашылық жаңаша ойлауға шабыттандырады. Өз идеяларыңызды әрдайым тексеріп, редакциялаңыз.
6. Күнделік жазыңыз. Ақылдырақ болудың тағы бір әдісі – жеке тәжірибеңізден сабақ алу. Зерттеулер бойынша, күнде бірнеше минутыңызды болған жағдайды немесе ойды жазуға арнау ми күшін арттырады екен.
7. Теледидарды онлайн-оқуға ауыстырыңыз. Бос уақытыңызды әлеуметтік желіге немесе бітпейтін сериалдарға арнағанша пайдалы нәрсемен айналысыңыз. Ғаламторда миды дамытуға арналған оқыту құралдары толып жатыр. Талғамыңызға қарай курс, сабақ, тест, бағдарлама және дамытушы тәжірибе таңдай аласыз.
8. Біліміңізбен бөлісіңіз. Жаңа нәрсені үйрену сөзсіз ақыл-парасатты дамытады, ал білгеніңізбен бөлісу процес тиімділігін еселейді.
9. Жаңа біліміңізді қолданыңыз. Егер білімді тәжірибеде қолдану ойыңызда болмаса, оны үйренудің қажеті жоқ. Ақылды адамдар алған білімін табыс үшін ғана қолданбайды, олар үшін зияткерлік ресурсын ашу оларды бағалы адам етеді.
10. Ойлануға уақыт бөліңіз. Адамның көңілі бір нәрседен екіншісіне жылдам ауысады. Кейде тіпті, келіп түскен ақпараттың шынайы мәнін түсініп үлгермейді. Алған білімді ойлауға үзіліс алып үйреніңіз.
massaget.kz