ӨЗІҢІЗДІ ӘРҚАШАН СЕРГЕК СЕЗІНГІҢІЗ КЕЛСЕ
1. Темекіні тастаңыз.
Темекінің адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін бәріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан бүгіннен бастап бас тартыңыз.
2. Ақша үнемдеуді бастаңыз.
Иә, бұл іш пыстыратын іс болуы мүмкін. Алайда әр адамның қорында үлкен қаражат болмаса да, бір басына жететіндей қаржы болуы керек. Себебі алда не күтіп тұрғанын білмейсіз.
3. Туыстарыңызбен, достарыңызбен тату-тәтті болыңыз.
Бұл өмірде бұлардан асқан байлық жоқ. Сондықтан қай кезде де жақындарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз.
4. Мейірімді болыңыз.
Өзгелерге не жасасаңыз да, шын жүректен жасауға тырысыңыз. Сонда ғана үлкен қуанышқа кеңелесіз.
5. Спортпен шұғылданыңыз. Ол өте маңызды.
Салауатты өмір салтын ұстанып, артық салмақтан арылыңыз. Күніне бір мезгіл болса да жаттығулар жасап, денеңіздің формасын қадағалаңыз.
6. Ұйқыңызды қандырыңыз.
Бір уақытта жатып, бір уақытта тұрыңыз. Ұйқысыздықтың алдын алыңыз.
7. Тісіңізді тексертіп тұрыңыз.
Жасыңызға жас қосылған сайын тісіңізге байланысты түрлі мәселе туындайды. Ал оны емдеу ұзақ уақыт пен мол қаражатты талап етеді. Сондықтан осы кезден тісіңізге мұқият қараңыз.
8. Күнделік арнаңыз.
Өміріңіздегі ең ерекше сәттер әрқашан есіңізде болу үшін күнделікке жазып жүріңіз. Және суреттерді де сақтаңыз.
9. Өзіңізді өзгемен салыстыруды қойыңыз.
Біреудің айтқанына ермей, өзіңіздің дегеніңізбен жүріңіз. Сонда сіз өзгелерден оқ бойы дара тұрасыз.
10. Жылына кем дегенде 10 кітап оқыңыз.
Миыңыз тез әрі ұтқыр шешім қабылдау үшін кітап оқуыңыз керек. Сол себепті уақытыңызды компьютердің алдында емес, кітаптың алдында өткізуге кеңес береміз.
reactor.inform.kz