Жақын жанды жоғалтып алмаңыз
Жақын адамдарыңызды жоғалтып алу бір-ақ сәт. Тілсіз келетін өлімді айтпағанда, бір ауыз бұрыс сөз бір уақытта жақыныңыздың жанын жаралап, сізден алыстатып жіберуі әбден мүмкін. Өмір – сізді қоршаған адамдар. Сіздің жаныңызда сіздің жағымсыз тұсыңызды көрген, ыңғайсыз жағдайда да сізбен бірге болатын жандар табылуы тиіс. Бұл сізге өзіңізді қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді әрі жақсылыққа үміт артуға итермелейді. Бірақ, қолдауды тек өзгенің тарапынан алып қана қоймай, өзіңіздің бар екеніңізді де уақытылы көрсеткен дұрыс. Сізге сенетін, сізді сыйлайтын жандарды жоғалтып алмау үшін мынандай кеңестерді ұсынамыз. 1. Жанында шынайы болыңыз: Онымен сөйлесіп отырғанда телефоныңыздан бас тартыңыз, дыбыссыз режимге қойыңыз. Бар назарыңызды өзіңіз үшін маңызды адамға аударыңыз. Осылайша, ол сіз үшін өзінің қаншалықты маңызды адам екенін ұғады. 2. Мұқият тыңдаңыз: Адамдардың барлығы өздерінің жауаптарын тыңдап, өзінің сөйлейтін кезін күтіп, жанындағы адамның не айтып жатқанына мән бермейді. Оның орнына мұқият тыңдаңыз. Ол әңгіме барысында нені жақсы көріп, нені жек көретінін айтып қалуы мүмкін. Болашақта оның өзі туралы айтқан кез келген ақпараты маңызды болмақ. 3.Шындықты қана айтыңыз: Мейлі, оны қабылдау оған қиын соқсын, бірақ, шындықты айтыңыз. Бір рет жасырсаңыз, оның сізге деген сеніміне сызат түседі. 4.Адамды толықтай қабылдаңыз. Барлық адамның бойында кемшіліктер бар, оны байқамау үшін шын жақсы көруіңіз керек. Мұны соқыр ғашықтық деп те атайды. Дегенмен, адам болу үшін оның өзіне тән ерекшелігі болуы тиіс. Яғни, кемшіліктерінен құтылуға тырыспаңыз. 5. Кешірім: Реніштердің барлығын ұмытыңыз. Әрине, ренжігеніңізді кейде көрсетіп тұрған дұрыс. Бірақ, ұсақ-түйекке бола араларыңызды суытып алатын болсаңыз, болашақта оның орнын «кешірім» атты дәрі-дәрмекпен жаза алмағаныңыз үшін өкінетін боласыз. 6. Сый сыйлаңыз : Сыйлық – махаббат, қолдау және түсіністік. Бұл – әлемдегі ең қымбат сыйлық. Бұл сыйлық үшін қалтаңыздан артық шығын шықпайды. Тек жүрегіңізді берсеңіз болғаны. Қамқор болыңыз. Қамқорлық қашанда жаман адамның өзін дұрыс бағытқа итермелейді. Әр адамның басында күйзеліс, ашу, тіпті адамдармен араласуды тоқтататын сәт болады. Бұл уақытта адамдар өздерін адасқандай сезінеді. Бірақ, біреудің оған деген сенімі ғана, оның жалғыз емес екенін ұқтырады
Massaget.kz
Massaget.kz