Нағыз жігіттің ережесі
- Ұнай ма? Айт. - Түсініксіз бе? Сұра. - Кездескің келе ме? Шақыр. - Бір нәрсені қалайсың ба? Өтін. - Ешқашан дауласпа. - Сені түсінгенін қалайсың ба? Түсіндір. - Егер кінәлі болсаң, бірден мойында. Сылтау іздеме. - Әркімде өз шындығы барын және ол көбіне сенікімен бірдей бола бермеуі мүмкін екендігін есіңде сақта. - Ақымақтармен қарым-қатынас құрма. - Өмірдегі басты нәрсе – ол махаббат, қалғанының бәрі – әбігерлік. - Адамның өз проблемаcы тек оның басында ғана. - Айналадағылар жақсы да, жаман да емес, оған сен барсың ба, жоқсың ба, бәрібір. - Әрбір оқиғадан ләззат алуға ұмтыл. - Саған тағы бір өмірдің берілмейтінін есіңде сақта. - Сен ешкімге ештеңе қарыз емес екеніңді есте сақта. - Саған ешкім ештеңе қарыз емес екенін есіңде сақта. - Өмірде тек өзіңе ғана сен. - Уәдеге емес, сезімдеріңе сен. - Нәзік жандыларға кішкене балаларға қарағандай сабыр таныт. - Осы күн – сенің өміріңдегі ең тамаша күн екенін біл.
Massaget.kz
Massaget.kz