Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері елімізде қар аралас жаңбыр жауады

Алдағы күндері елімізде қар аралас жаңбыр жауады


Қазақстанның солтүстік аумағында жоғары циклон түзіле бастады. Бұл циклон алдағы үш тәулікте еліміздің көптеген облысындағы ауа райына әсер етеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Жауын-шашынсыз күндерден кейін бастапқыда солтүстік, мұнан кейін орталық және шығыс облыстарда кей жерлерде тағы жаңбыр жауып, солтүстікте 8 қыркүйек күні түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар түнде және таңертең тұман тұтып, көру мүмкіншілігі 500 метрді құрайды.
Еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында әзірге жауын-шашын түспейді. Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы орташа көп жылдық мәнге жақын болады. Ал солтүстік және орталықта ауа температурасы бұл мәннен төмен болады деп болжануда.
Stan.kz

05 қыркүйек 2018 ж. 1 084 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930