Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұйқының сүйек пен буынға әсері қандай?

Ұйқының сүйек пен буынға әсері қандай?

Ұйқының сүйек пен буынға әсері қандай?Ұйқы сүйек пен буын саулығы үшін аса маңызды. Бұл туралы биохимик Энни Кертис пен молекулалық биолог Кансу Горгун айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, сүйек тіні өмірі бойы үздіксіз жаңарып отырады. Бұл процеске екі түрлі жасуша жауап береді: остеокластар мен остеобластар. Остеокластар ескі әрі зақымданған сүйек жасушаларын жояды, ал остеобластар жаңаларын қалыптастырады.
"Бұл цикл тәулік ішіндегі ырғаққа бағынады: сүйек тіні бұзылуы көбіне күннің басында күшейсе, жаңа сүйек тіні түзілуі күннің соңында белсенді жүреді", - деді Кертис.
Мамандар бұл процестің барлығы ұйқы ырғағымен, нақтырақ айтқанда, мелатонин гормоны бөлінуімен байланысты екенін айтты. Олардың сөзінше, түнде бөлінетін мелатонин остеокластардың белсенділігін тежеп, сүйек тіні бұзылуын баяулатуы мүмкін.
"Жас ұлғайған сайын мелатониннің бөлінуі азаяды, ал тәуліктік биологиялық ырғақ жиі бұзылады", - деді ғалым.
Мамандар сүйек саулығын сақтау үшін ұйқыны қалыпқа келтіру маңызды екенін айтты. Олар тұрақты ұйқы режимін ұстануға, ұйықтардан бір сағат бұрын гаджетті пайдаланбауға және жеткілікті мөлшерде ұйықтауға кеңес берді.
07 тамыз 2026 ж. 89 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930