Таңдау жасау – ортақ іске қосылған үлес
Құрылтай депутаттарының сайлауы – әрбір азаматтың өз пікірін білдіріп, қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беретін маңызды саяси науқан. Әрбір тұрғынның таңдауы қоғамның дамуына, елдің бірлігі мен тұрақтылығына ықпал етеді.Сайлауға қатысу – азаматтық құқықты жүзеге асыру ғана емес, туған жердің келешегіне деген жауапкершіліктің белгісі. Әрбір дауыс қоғамның ортақ ұстанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан бұл науқанға белсенді қатысу – елдің болашағына қосылған нақты үлес.
Құрметті аудан тұрғындары! Құрылтай депутаттарының сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауларыңызды жасаңыздар. Себебі әр азаматтың дауысы маңызды, ал әрбір саналы таңдау – жарқын болашақтың негізі.

