Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ­Прокуратура ­органдары ­интернет-алаяқтықтың ­алдын алу бағытында тиімді шаралар атқаруда

­Прокуратура ­органдары ­интернет-алаяқтықтың ­алдын алу бағытында тиімді шаралар атқаруда

Өткен жылдың сәуір айынан бастап Бас Прокурордың бастамасымен «Антиколл-орталық» жобасы жүзеге асырыла бастады.
Аталған жоба аясында бүгінгі күнге 1,5 млн астам алаяқтық қоңыраулар анықталған.
Жоба арқылы шетелдік 12 колл-орталықтар бақылануда.
Бұндай қоңырауларды үзу, алаяқтардың құрбаны болуы ықтимал азаматтарды жүйе арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
Қоңыраулар үзілгеннен кейін кейбір жағдайларда алаяқтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы азаматтармен байланыс орнатуды жалғастырады.
Осыған орай, прокуратура органдары «Антиколл-орталық» жүйесінен алынған мәліметтердің негізінде азаматтарға шығып, алаяқтықтың құрбаны болудан сақтандырады.
Жоба іске қосылғаннан бері 251 млн теңгеге 114 несие рәсімдеудің алдын алу қамтамасыз етілді.
Жобаның іске асырылуы соңғы үш жылдағы интернет алаяқтықтың өсуінің жағымсыз тенденциясын бұзуға әсер етті (12 390-нан 11 065-ке немесе 11%).
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының келісуімен 26.06.2026 ж. Цифрлық даму министрлігімен «Байланыс операторларының Антиколл-орталықпен өзара әрекеттестігі туралы» бұйрық қабылданды.
Қазір жүйеге барлық операторлар қосылған (бұрын Қазақтелеком жүйесі ғана қамтылған болса, жобаның аясында алаяқ телеком-трафиктерді 100% қамту күтілуде).

Құрметті тұрғындар!
Прокуратура органдарымен республика көлемінде құқық бұзушылық профилактикасы, қылмыстылықпен күрес оның ішінде, интернет алаяқтыққа тосқауыл қою бағытында үлкен жобалар мен белсенді шаралар атқарылуда.
Осыған орай, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанып, қылмыстылықпен бірге күресуге және қылмыстың құрбаны болудан сақтануға шақырамыз.

Шиелі аудандық прокуратурасы
03 тамыз 2026 ж. 22 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31