Ғалымдар ракты емдеудің арзан жолын тапты
Америкадағы Людвиг институтының ракты зерттейтін ғалымдары кәдімгі нан содасы химиялық терапияның тиімділігін едәуір арттыратынын анықтады. Бұл туралы EurekAlert ғылыми порталы жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Зерттеушілердің айтуынша, нан содасын суға ерітіп ішсе, қан жүйелерінен алынып тасталған ісіктегі рак клеткаларының қышқылдығын бәсеңдетеді. Клетка қышқылға жауап ретінде клеткалардың өсуіне ықпал ететін mTORC1 молекулярлы «тумблерді» басып тастайды.
«Клеткалар стресс кезінде ақуыз және биомолекулаларды бөлгісі келмейді. Олар жай қимылдап, барлық жағдай қалыпқа келген соң қайта жанданады. Идеясы оңай. Бұл жүз мың доллардың қандай да бір дәрісі емес, кәдімгі сода», - дейді зерттеу авторы Чи Ван Дан.
Ғалымдар тышқандарға эксперимент жасаған кезде қышқылдық көтерілсе, рак клеткалары белсенді болады және ісік толықтай химиятерапияға бағына бастайтынын дәлелдеді. Бұл процесс керісінше де жұмыс істейді: рак клеткаларының бөлінуін бәсеңдетуге мүмкіндік береді.
Baq.kz