Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы 4 жылда Қазақстан туризмі қай бағытта дамиды

Алдағы 4 жылда Қазақстан туризмі қай бағытта дамиды

Алдағы 4 жылда Қазақстан туризмі қай бағытта дамиды
Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді, деп жазады Egemen.kz. Бұған дейінгі индексте Қазақстан 66-орынға табан тіреген еді. Салалық министрлік 2025-2029 жылдары осы көрсеткішті 50-ші орынға дейін көтеруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар алдағы 4 жылда  Щучье-Бурабай, Маңғыстау курорттық өңірі мен Алматы тау кластерін дамытуға айрықша ден қоймақ. 2027 жылға дейін құны 1,1 трлн теңгеден асатын 181 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Осы жобалар шеңберінде туризм саласында еңбек ететін адамдар саны 800 мыңға ұлғайтылмақ. Еліміздегі ішкі туристер санын 11 миллионға жеткізіп, барлық қонақ үйге eQonaq ақпараттық жүйесін енгізу межесі қойылған.  Туризм индустриясы комитетінің мәліметінше, былтыр Қазақстанға 5,3 млн шетелдік турист келген, олар елімізде орташа есеппен 1500 АҚШ долларын жұмсаған. 
03 наурыз 2025 ж. 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9285)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (9284)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (9283)

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31