Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » №3 ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШЕДІ

№3 ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШЕДІ

Қызылордада 20 қаңтардан бастап №3 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа көшеді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» Қызылорда облысы бойынша филиалы хабарлайды. Жаңа орталық Ұзақбай Қараманов көшесі, 96 мекенжайы бойынша өз жұмысын жалғастырады. Айта кету керек, бұрын бұл орталық Ақмешіт м/а 1Б мекенжайында орналасқан. Жаңа ғимарат азаматтар үшін ыңғайлы жерде орналасқан. Кеңейтілген қызмет көрсету аймағы заманауи қызмет көрсету стандарттарына сай жабдықталған. Еске салайық, №3 ХҚКО бөлімі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Орталықта мемлекеттік қызметтердің барлық түрі, соның ішінде жеке құжаттарды рәсімдеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, әлеуметтік және зейнетақы мәселелері бойынша қызмет көрсетіледі.

17 қаңтар 2025 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9272)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (9271)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (9270)

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031