Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қар құрсауынан 13 адам құтқарылды

Қар құрсауынан 13 адам құтқарылды

Жетісу облысының Ақсу ауданында жолда қалған жолаушыларға құтқарушылар көмек берді. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін Жетісу облысына қарасты Ақсу ауданында, Көшкентал ауылының маңында төрт жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері қиын жағдайға тап болған жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді.

«Құтқарушылар дереу оқиға орнына шығып, қар құрсауынан барлығы 13 адам, оның ішінде 1 баланы құтқарып, Қапал ауылына жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады», делінген хабарламада.

ТЖМ қызметкерлері сапарға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп, ауа райы жағдайын қадағалауды ескертеді. Еске салайық осыған дейін Талдықорған-Қызылағаш жолы жабылғанын және Ақсу ауданында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазғанбыз.
09 қаңтар 2025 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9319)

14 шілде 2025 ж.

№51 (9318)

12 шілде 2025 ж.

№50 (9317)

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031