Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қатерлі ісіктен болатын адам өлімі 3,2%-ға төмендеген

Елімізде қатерлі ісіктен болатын адам өлімі 3,2%-ға төмендеген

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында Қазақстанда жыл сайын бейнеэндоскопиялық жабдықты пайдалана отырып, химиотерапиямен үйлесімде 30 мыңға жуық онкологиялық операция жасалататынын, осының нәтижесінде өлім-жітім төмендегінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Семей қаласында елімізде алғаш рет радионуклидтік терапия енгізілген Ядролық медицина орталығы ашылды.

«Сүйек онкопатологиясы кезінде инновациялық 3-Д протездеу сәтті қолданылады. Жыл сайын 12 мыңнан астам пациент сәулелік терапия (томотерапия, стереотаксис, IMRT, IGRT) алады. 2024 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚР-да қатерлі ісіктерден болатын өлім 3,2%-ға төмендеді» деді министр.

Сондай-ақ оның айтуынша елімізде кардиология, кардиохирургия, невропатология, нейрохирургия, травматология, ортопедия сияқты 7 бейін бойынша пациенттерге медициналық оңалту жүргізіледі. 2024 жылдан бастап қатерлі ісіктері бар пациенттерді оңалту енгізілген.

2023 жылы барлығы 208 мың пациент медициналық оңалтудан өткен.
27 қыркүйек 2024 ж. 149 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930