Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаштың жанкүйерлері концерттен кейін стадиондағы қоқысты жинады

Димаштың жанкүйерлері концерттен кейін стадиондағы қоқысты жинады

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрермендері мен қонақтары Димаш Құдайбергеннің "Астана Арена" стадионындағы концертінен кейін стадионды қоқыстан тазартты, деп хабарлады елорда әкімдігі.
Мұндай тазалық акциялары елордада тұратын әрі қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар үшін игі дәстүрге айналды.

Көрермендер арасында шетелдік қонақтар да болды, олар жанкүйерлердің белсенділігіне және олардың саналы көзқарасына таң қалды. Тазалық акциясына «Астана Жастары» КММ белсенділері, еріктілер, сол сияқты жанкүйерлер де қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, 13 және 14 қыркүйек күндері "Астана Арена" стадионында Димаш Құдайбергеннің ауқымды концерті өтіп жатыр. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар қатынайды. Арнайы автобустармен жүру үшін концерт билеті болуы қажет.

Айта кетейік, елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы өтіп жатыр. Сонымен қатар, елордада жаңадан Taza Astana әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, кварталішілік және аула аумақтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге бағытталған.
14 қыркүйек 2024 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031