КЕНТ КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ, ЖАЙҚАЛЫП ЖАСЫЛ ЖЕЛЕГІ
Мұхаммед (с.а.с) Пайғамбардың күллі мұсылманды ағаш отырғызуға үндеген мынадай хадисі бар. «Қандай да бір мұсылман ағаш немесе егін ексе, одан адамдар, құрт-құмырсқа мен құстар жеп азықтанса, міндетті түрде өзіне сауап ретінде кері қайтады». Тағы бір өсиетінде: «Бір адам бір ағаш отырғызса, амал дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады» делінген. Тереңнен түсінетін адам үшін тәлімі мол дүние. Ағаш отырғызу – сауапты амал. Жердің тоңы жібісімен «ағаш отырғызу» акциясы өтеді. «Осынша түп ағаш отырғыздық» деп сүйіншілеп жатамыз. Санды көздегенімізбен сапасы қаншалықты дұрыс? Түрлі акцияны желеу етіп, ағаш отырғызудың қыр-сырына жеткілікті мән беріп жүрміз бе?

Бүгінде Шиелі кентінің келбетін келісті етіп, жасыл желекке орау мақсатында үздіксіз жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, орталық алаң маңы, Иманжүсіп Құтпанұлы ескерткішінің алдына 22 мыңнан астам раушан гүл, живая изгородь, щафран, брисклет, шығысгүл сынды гүлдер мен Яссауи, Бәкіров көшелерінің қас беттеріне 1500 түптен астам терек, тұт, сакура, катальпа көшеттері егілді. Сонымен қатар көркейту-көгалдандыру жұмыстарын тиімді үйлестіру үшін биыл тамшылатып суғару әдісі қолданылуда. Яғни, арнайы био-гумус органикалық тыңайтқышы қосылған су толтырылған бөшкелермен әрбір көшеттің тамырына су берілуде. Бұл арқылы көшеттердің өсімін арттыру көзделіп отыр.
Жасыратын несі бар, қолда бардың бағасына мән бермей, осы бір ағашты қазып әкеліп, қалай болса, солай отырғызып, соңында қурап қалып жатқанын талай мәрте көрдік. Сол үшін жас талды отырғызғаннан кейін оның бой түзеп, жайқалып өсуіне де жағдай жасау қажет. Көшет күтімі жөнінде гидротехник Әлияр Сейітовтен сұрап көрген едік.
Жасыратын несі бар, қолда бардың бағасына мән бермей, осы бір ағашты қазып әкеліп, қалай болса, солай отырғызып, соңында қурап қалып жатқанын талай мәрте көрдік. Сол үшін жас талды отырғызғаннан кейін оның бой түзеп, жайқалып өсуіне де жағдай жасау қажет. Көшет күтімі жөнінде гидротехник Әлияр Сейітовтен сұрап көрген едік.

Асқан жауапкершілік пен қажырлы еңбектің арқасында жайқалған жасыл желекке айналатын ағаш егу мәдениетіне жіті көңіл бөлу қажет-ақ.
Жыл сайын кент пен ауыл аймақта отырғызылатын ағаштарды уақытылы суару мен күту кемшін түсіп жатады. Тек, есепте ғана ол жерлерде «пәленбай түп ағаш отырғызылды» деп көрсетіледі.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген даналық сөзі адамға байлықтан гөрі, жасыл желектің пайдасаның орасан зор екендігін көрсетеді. Жанға сая жайқалған ағаш, дертке дауа жеміс ағаштарын еккен адамның төбесінен нұр жауып тұрады деген сенім де қоса бар. Кез келген жерге көрік беріп қана қоймай, экологиялық тұрғыда да маңызды рөл атқарады.

Иә, бұл цифрлардың артында қаншама мемлекеттік қызметкердің маңдай тері мен Шиеліні көркейтуді мақсат тұтып, ел-халыққа адал қызмет етуді көздеген аудан басшысының тәжірибесі жатыр. Түсініп, білген адамға қаншама қаржыны ауданға әкеліп, оны орын-орнымен жоспарлы түрде жұмсау да үлкен жауапкершілік пен тәжірбиені талап ететіні хақ.
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, мемлекетіңнің нығайып көркеюі үшін еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» деген тәмсілді алға тартып, туған жерге еңбек сіңіруді алдымен ағаш егуден бастаған дұрыс. Әр отырғызған тал еселеніп қайтатын ырзық-несібе екенін де қаперден шығармаған абзал.
– Ағаш отырғызу тек көріктендіру үшін ғана қажет емес. Ертеректе ағашты жол бойына қар ұстап қалу мақсатында отырғызатын. Бүгінде сол шаруаны жоспарлы түрде жолға қою керек. Жалпы жерге түскен дәнге де, жас баладай күтім қажет. Атадан қалған ізгілікті үрдісті жалғастыру әр адам үшін парыз, – дейді кент тұрғыны Күләш Мырзаева.

Сенбілікте көшелер мен саябақтардағы қоқыстар тазартылып, күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды. Сондай-ақ аталған акция аясында көшелер, аллеялар мен саябақтарда, су айдындарында жабайы шөптер шабылып, тазартылды.
Құранның бір аятында «Кімде-кім бір тал егіп, оның жемісінен адам немесе Алла Тағаланың жаратқандарынан біреуі жесе, ақиқатында ол адам үшін бұл бір садақа» делінген. Сауабы мол іске адамдық парызбен үлес қоссақ, еліміздің гүлденуіне деген перзенттік борышымызды ақтаған болар едік.
Сұлушаш МАДИЯРОВА