Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті!
       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес –мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының  аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе–бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
       Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.
       Салауатты, таза және сау ортаны ұстанып, тыныс – тіршілігін тарылтатын, заңсыз  әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеуіміз керек. Ол үшін қарсы атсалысып жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
       
И.Әшімов  ҚР АШМ АӨК МИК-нің
Шиелі аудандық аумақтық инспекция басшысы
ҚР АШМ АӨК МИК Шиелі аудандық аумақтық инспекция басшысының азаматтарды жеке ісімен қабылдау уақыты.
Қабылдау күні
Қабылдау уақыты
Мемлекеттік органның орналасқан орны
Байланыс телефондары және эл почта
1.
Әр аптаның сәрсенбі күні
Сағат 15:00 ден, 18:00 ге дейін
Шиелі кенті, Бөгенбай батыр №21
8(72432)4-16-97
8-701-340-83-46
toyshybayev.s@minagri.gov.kz
15 қараша 2023 ж. 288 0