МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ «МОНЕТАҒА» ҚҰМАР
Жо-жоқ. Сіз қате оқыған жоқсыз. Тақырыптағы монета деген жазу қазір жастар арасында трендте. Мүмкін түсінбей де отырған боларсыз. Бұл сөз сіз бен бізге таңсық көрінгенімен, мектеп оқушылары монетаның қыр сырын шемішкедей шағады. Монета деген не? Әлеуметтік желіде әп-сәтте танымал болған бұл дүниені біз де зерттеп, зерделеп көрген едік. Түсінікті болуы үшін толығырақ тарқатайық...
Қазір әлеуметтік желінің адам баласына берері көп. Көгілдір экраныңызды сипап отырып ақ ешқайда шықпай, өз өнеріңізді өзгелерге көрсетіп, сол арқылы ақша табуға болады. Қалай дейсіз ғой? Ол үшін заман үлгісіне сай телефоныңыз, сапалы камераңыз болса жеткілікті. Сол арқылы өзіңізге ұнаған дүниеңізді немесе сүйікті ісіңізді бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялай аласыз. Оқырманыңыз көбейіп, қаралым саныңыз артса, табысқа қол жеткізе аласыз. Сонда сіз өз парақшаңыз арқылы табыс көзіне жеткен жанға айналып шыға келесіз. Әрине, егер барлығын орынды пайдаланып, әдептен озбасаңыз, сүйкіміңіз арта түсері сөзсіз. Ал оғаш қылықтар көрсетіп, әлемжеліде орынсыз сөйлейтін болсаңыз, онда хейтерлердің құрығына іліндім дей беріңіз. Бірақ неғұрлым теріс пікір жинаған пайдаланушы, соғұрлым табысты бола түспек. Әсіресе Tik-Tok желісінде мұндай жолмен табыс тауып отырғандар жетерлік. Олардың ішінде аудан тұрғындары және мектеп оқушылары да бар.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, өңірдің өзінде былтырғыға қарағанда Tik-Tok желісін пайдалушылардың саны артқан. Олардың дені мектеп оқушылары. «Ел құлағы елу» демекші, естіген білгеніміз бойынша, біз де аудандағы мектеп оқушыларының әлеуметтік желідегі белсенділіктерін тексеріп көрмекке бекіндік. Бір аптаға созылыған журналистік зерттеуіміздің нәтижесі көңіл қуантқан жоқ. Зерттегеніміздей, Шиелі кентінің өзінде Tik-Tok желісінде белсенділер саны мыңнан асып жығылатын болып шықты. Ал жиырмадан астамы осы арқылы ақша тауып отырған жастар. Олардың арасында мектеп оқушылары да бар.
ЕЛІКТЕУШІЛІК
Атын атап, түсін түстемей-ақ қоялық. Дегенмен, бірнеше күндерден бері біздің көзімізге мектепте оқитын бірнеше аудан тұрғындары түсті. Әуелі желіде белсенділігі артқан жеткіншектердің парақшаларын мұқият қарап шықтық. Бірнеше ауыл тұрғындарын қамтитындай оқырмандары бар екен. Жалған жазылушыларының саны аз. Күн сайын кем дегенде парақшаларына үш публикация жүктейтін олардың да хейтерлері жетерлік. Себебі мектеп жасындағылар Tik-Tok желісіндегі әдепсіз сөйлейтіндер мен трансгендерлердің айтқан әңгімесін айнытпай салып, пародия жасайтын көрінеді. Трансгендер деп отырғанымыз – жынысын ауыстырғандар. Ал олар жасөсірімдердің санасын қалай улайтындығын ары қарай өзіңіз бағамдай беріңіз. Хош. Пародияға көндік. Алайда әлгі оқушылар Tik-Tok арқылы түрлі тұрпайы іс-әрекеттер жасап, ақша табатынынын білетін бе едіңіз? Білмесеңіз айтайық.

Tik-Tok желісінен ақша табуға болатынын жоғарыда айттық. Алайда олардың қандай жолмен табатыны, қалай екені сіз бен бізге қараңғы. Оны жастардан сұрасаңыз, айна қатесіз айтып береді. Біз де тереңінен түсінбесек те, тікелей эфир арқылы теңге табудың жолын білгендей болдық. Ақша табу жолы біз ойлағаннан әлдеқайда оңай, бірақ абырой алып бермейтін болып шықты. Жарты сағат желіде отырсаңыз, жынды болып кете жаздайды екенсіз. Құдды жын-ойнақ па дерсің. Жерлестерміздің желісін бақылаймыз деп, өзіміз де желіге байлануға шақ қалдық. Жұлдыз дейін десек, жақсы жағынан жарқырап, өнер көрсетіп отырғандарын көрмедік. Пайдалы дүние сатып, елге ұнамды әрекеттерін де байқамадық. Қарап отырсаңыз, желі қолданушыларының дені кәдімгі ауылда тұратын мектеп оқушылары. Тұрпайы естілетін шығар. Бірақ, Tik-Tok-та олар «Гугуша, Қара қатын, Сампо, Амилай» сынды жұлдызсымақтардың пародиясын салып, іс-әрекеттерін қайталап, сол арқылы тікелей эфирге кіріп, ақша тауып жүр. Есерсоқтарға еліктеп жүргендер ештеңені жарытып түсінбесі анық.
Рас. Таң атқаннан кешке дейін тіршілігіңді тұсаулайтын Tik-Tok-қа телміргендердің саны азаймаса, кемімей тұр. Тіпті түздегі тірлігін ұмытқан еркектер мен тынымсыз тіршілігін Tik-Tok-қа бола тоқтатқандар көп. Түсініп болмайсың. Тәуелділік.Үлкендерге үлгі көрсетіп, ешкім ештеңені үйрете алмасы анық. Ал балаларға ше? Кәмелеттік жасқа толмағандар Tik-Tok-тың торына түскелі қашан? Теңге тапқандарына мәз болғандарды кім тұсаулайды? Онда да бір әлем бар. Онлайн дос табасың, тез танымал бола аласың, тікелей эфирде отырып алып, өз салаңды дөңгелете аласың. Ал мектеп оқушыларының бұған қандай қатысы бар? Білім алудың орнына бүгінгілер желіде балағат сөз айтып, көпшіліктің көзіне түсіп жарысуда. Оны бүгінгінің тілімен орысшалап жеткізсек, «рекомендация» дейді.Рекке шықсаңыз, расымен тез танылуға мүмкіндік көп. Ауданда желіде әртүрлі лақап атпен ел көзіне түсіп үлгергендер баршылық. Табатын табыстары да аз емес. Аз болмағанымен, абырой арқалап жатқан оқушыларды байқамадық. Ол ол ма, әлгілерге оқырмандары маңдайшаларына қаламның көмегімен түрлі тұрпайы сөздерді жаздырып, жындының әрекеттерін жасатып тапсырыс береді-мыс. Ал тапсырманы бұлжытпай орындаған оларға монета жіберіп, көңілдерін мәз-мейрам қылатын көрінеді. Ал ол монета ойламаған жерден ақшаға айналып шыға келеді. 30 процентін Tik-Tok желісі өзіне алып қалса, қалған 70 процентін желі қолданушысы өзіне қайтарып алады. Міне, мектеп оқушылары осылайша ән шырқап, анайы сөздер айтып, әуеретті жерлерін көрсетіп, оңай жолмен ақша таубуға машықтанып алған. «Байдың асын байғұс қызғанады» демеңіздер. Бұдан байғұсқа келіп кетер пайда жоқ. Дұрыс. Әрбір адамның табыс тапқаны, қаржыдан қысылып өмір сүрмегені жақсы. Алайда арзан жолмен келген ақша абырой әпермейді емес пе?
– Мен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Жалғыз қызым бар. Жасы – 15-те. Әлеуметтік желіде өте белсенді. Бір күні жұмыстан шаршап үйге келсем, қызымның бөлмені айналып билеп жүргенін байқап қалдым. Сыртынан қараған адамға біртүрлі көрінеді. Ақырындап қызымнан неге олай жасап жүргенін сұрай бастап едім, Tik-Tok желісіндегі оқырмандарына билеп беріп жатқандығын айтты. Сол арқылы табыс тауып жүр екен. Маған оның бұл әрекеті мүлде ұнаған жоқ. Қызымның мінезі, психологиясы қатты өзгерген. Анасы ретінде оның болашағына қатты алаңдағандықтан, әуелі оны психологқа апарып, әлеуметтік желідегі парақшасын өшірткіздім. Мектеп жасындағы балаға бұл үлкен қауіп. Сондықтан әрбір ата-ананы балаңыздың әлеуметтік желідегі парақшаларына мұқият болып, олармен ашық сырласуға шақырамын, – деді аудан тұрғыны Жазира Орынтайқызы.
Иә, әлеуметтік желіні қолданбайтын жандар өте аз. Ал оны орнымен пайдаланатындар саусақпен санарлық. Әсіресе, мектеп жасындағы оқушыларға әлеуметтік желінің пайдасынан гөрі, зияны басымырақ. Сондықтан «Балам әлеуметтік желіде жұлдыз болып жүр» деместен бұрын, оның әрбір әрекетіне бейқамдық танытпай, баланың болашағына бүгіннен бастап алаңдаушылық білдірген дұрыс. «Тәрбие тал бесіктен» дейміз-ау. Алайда онымен тек үйдегі ата-ана, мектеп мұғалімдері, психологтар ғана айналысып қою жеткіліксіз. Мүмкін Қазақстан халқы Tik-Tok желісін пайдалануға қарсылық білдіруі керек шығар. Әлеуметтік желіге онсызда әуеспіз. Сол әуестіктен арыла алмай әбігерленіп жүргенде, қылықты қыздарымыздың әуреттік жерлерін ашып, намысты жігіттеріміздің қыз кейпіне еніп, трансгендерлерге еліктегені тек үйдегі ата-ананың немесе мектептің атына келетін ұят емес. Бұл – қоғамға төніп тұрған үлкен қауіп. Желі жұлдыздарына еліктеп, жасағандарын қайталап жүріп, жасөсірімдер өз жастық шақтарының жалынын жоғалтуда. Жастардың бүлініп жүргені де содан. Ал жастарымыздың санасы уланып, желіге жіпсіз байланса олардың болашағы қандай болмақ?
Сымбат Сұлтан